М.Әуезов университеті Rank Pro – 2021 рейтингінің ТОП – 401-500 қатарына енді

М.Әуезов атындағы ОҚУ-і алғаш рет университеттердің әлемдік кәсіби (Worldwide Professional University Rankings) Rank Pro – 2021 рейтингінің  ТОП – 401-500 қатарына енді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Біз – пәндік рейтингіне “Химия ғылымдары” бойынша  енген Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орнымыз. (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар – 401-500,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –Математика – 401-500, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар-351-400).

RankPro университеттерінің әлемдік кәсіби рейтингісі университеттің, әсіресе Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі, Жаратылыстану-педагогикалық жоғары мектебі (Химия кафедрасы) жұмысының нәтижелерін көрсетті. Ұжымды әлемдік қоғамдастықтың жоғары бағалауымен тағы да құттықтаймыз.

https://www.cicerobook.com/userfiles/files/RankPro%202021%20Chemistry.pdf

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий