“Мамандықтар әлемін ашамыз”: Ақмолалық оқушылар республикалық форумның жүлдегерлері

7-10 сыныптарда оқитын он оқушы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумында біздің аймақтың намысын қорғады. Байқау болашақ мамандықты табысты таңдау үшін, еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында талап етілетін және қажетті болашақ мамандықты зерделеуге шығармашылық тәсілді жандандыруға, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіптік бағдар беру қызметіне тартуға ықпал етеді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Балалар бірнеше номинация бойынша жарысты: «Осындай мамандық бар», «Мамандық таңдауға уақыт келді», «Мен – мамандықтар әлеміндемін» және «Мамандық кеше, бүгін, ертең». «Осындай мамандық бар» номинациясында үшінші орынды «Инженер-мехатроник деген мамандық бар» жұмысымен «BOLASHAQ saraiy» ШЖҚ МКК тәрбиеленушісі Буторин Андрей (жетекшісі Әсет Әбдіғаппаров), «There is a such profession Veterinarian» жұмысымен екінші орынды Егіндікөл а. Егіндікөл ауданы №2 ОМ оқушысы Эйхвальд Екатерина (жетекшісі Светлана Бутьковец) иеленді.

“Мен мамандықтар әлеміндемін» номинациясы бойынша Бурабай ауданы, Щучинск қ. №9 МГ оқушысы Батырбекова Шырын «Жақсы мамандық – өмірдің жарқын бастауы» жұмысымен 2 орынды иеленді. – Осы байқау маған мамандық таңдау жағынан үлкен септігін тигізді. Нақты ұстаз боламын деген шешімге келдім. Конкурс ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін, – дейді Шырын Батырбекова, Щучинск қаласындағы №9 МГ 9 сынып оқушысы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий