“Суға батқандарды құтқарғаны үшін” медалімен студенттер марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы салалық құрылымның басшысы Қуанар Базарбаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің бұйрығына сәйкес суға батқан баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Диас Камалов пен Мағжан Сұлтановты «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» меделімен марапаттады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің бірінші курс  студенттері Мағжан мен Диас наурыз айының 26-ы күні университеттің бас ғимараты жанында Ақбұлақ өзенінде суға батып бара жатқан баланы көріп, ойланбастан көмекке келіп, баланың өмірін алып қалған еді.

Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов орын алған осы оқиғадан кейін бүгінгі күннің қос батырымен кездесіп, Алғы хат тапсырған-ды. Онда дер кезінде көмекке келіп, батылдықтары мен  ерліктері үшін алғыс айтып, ата-аналарына осындай ер жүрек батыл ұлдар тәрбиелегені үшін ризашылығын білдірген болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий