М.Әуезов университеті: Білім беру бағдарламасы үнемі жоғары сапада

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 6 бакалавриат бағдарламасы және 2 магистратура бағдарламасы ASIIN германдық агенттігінен, 7 жыл мерзімге, сәтті аккредиттеуден өтті. Бұл 2008-ші жылдан бергі ASIIN – дегі үшінші аккредиттеу, яғни біздің университет дайындайтын білім беру бағдарламаларының үнемі жоғары сапада екенін көрсетеді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

ASIIN, халықаралық және ұлттық деңгейдегі инженерия, жаратылыстану ғылымдары, математика, компьютерлік ғылымдары, сондай-ақ медицина және экономика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үдерістерінің көшбасшысы ретінде танылды.

Сонымен қатар, 4 бағдарлама химия саласы бойынша үздік білім беру бағдарламаларына берілетін ECTN (Еуропалық химиялық тақырыптық желі) қауымдастығының Eurobachelor® сапа белгісімен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий