Денсаулық қарапайым жаттығудан басталады

Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаппай жаттығулар өткізілді. Сабақ басталар алдында оқушылар ұстаздарымен бірге сыныптарда бір мезетте физикалық дене жаттығуларын орындады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

“Адам саулығы – көп жағдайда оның спортпен шұғылдануына, дұрыс тамақтануына байланысты. Сондықтан жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Бүгінгі шарада біз оқушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіріп, өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға насихат жұмыстарын жүргіздік”, – дейді мектептің спорт министрі Абдуғаппар Өмірбек.

Дене шынықтыру бірлестігі және өзін-өзі басқару ұйымының спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастырған шараға мектептің барлық қызметкерлері атсалысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий