“Antiparacraft – 2021”: Студенттердің жемқорлыққа қарсы квесті

Жамбыл облыстық білім басқармасының бастамасы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қолдауымен Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде «АntiParaCraft-2021» студенттік квест ойыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Жобаның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Квест үш кезеңнен тұрды. Ойынға екі студенттен құралған 4 команда қатысты. Ережеге сәйкес алғашқы кезеңде командалар топтың атауымен, мүшелерімен және ұрандарымен таныстырып, шараға қатысу барысындағы алға қойған мақсаттарын қорғады. Келесі айналымда студенттер квест ситуациясы бойынша жемқорлық тәуекелдерінің шешімін тауып, сыбайлас жемқорлықтан құтылудың тиімді жолдарын ұсынды.

«Клад ойыны» деп аталатын үшінші кезеңде студенттерге бір сөз жасырынған карточкалар таратылады. Онда берілген тапсырмаларға сәйкес қатысушылар колледж ауласындағы жасырынған келесі тапсырманы алуы қажет. Тапсырмалардың барлығын орындаған топ ойын соңында жасырынған ЖЕМҚОРЛЫҚ сөзін құрастырды. Тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындаған топ жеңімпаз атанады. Ойын нәтижесінде алғашқы қатардан «Алаш жастары» тобы көрінсе. Ал екінші орынды «QZ» тобы иеленсе, үшінші орын «Адал ұрпақ» тобына, ІV орын «Ақиқат» тобына бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий