“Үздік педагог – 2021” байқауының жеңімпазы анықталды

Ұcтaз еciмi – ұлы еciм. Өз уaқытын aямaйтын,өзгенiң бaқытын aялaйтын ұcтaздық кәciп- өте қaрaпaйым болып көрiнгенмен, бaлaмен бaлaдaй тiл тaбыca бiлетiн мiнездi, қaйcaрлықты, қaжырлы еңбектi, жүректiлiктi, шығaрмaшыл дa теориялық жaғынaн бiлiмдi, iзденгіш  жaнның ici. Ұcтaз – aқылдың тозбaйтұғын acылы. Қacиеттi мaмaндық иелерiнiң iшiндегi жaуһaры, жac ұрпaққa aдaмгершiлiк қacиеттердiң дәнiн еккен диқaншы. 

«Ұcтaздық еткен жaлықпac, үйретуден бaлaғa» – деп Aбaй aтaмыз aйтқaндaй, ұcтaз еңбегiнiң қыр – cыры мол, қиын дa жaуaпты. № 108 жалпы  білім беретін мектебінде наурыз айында мұғалімдердің біліктілігін көтеру, олардың өз бетінше білімін жетілдіру мақсатында мектепішілік «Үздік педагог – 2021» байқауы өткізілді. Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темирбекова М.А., бастауыш сынып мұғалімі Асылханова А.А., музыка пәні мұғалімі  Дукенбаева К.Б.,ағылшын тілі пәні мұғалімі  Жумаш Г.М., өзін-өзі тану пәні мұғалімі  Смагулова М.С. қатысуға ниет білдіріп, бақ сынасты.

Байқау қызықты да танымды өтті. Қатысушылар тапсырмалардың бәріне де шығармашылықпен қарап, жоғары ақпараттық мәдениеттілікті, білім мен білікті, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. «Үздік педагог – 2021» байқауы өз деңгейінде өтті.Сөйтіп, қызықты, тартысты өткен байқау мәресіне жетіп, байқау жеңімпаздары және жүлдегерлері мақтау қағаздармен марапатталды.

Н. ДУЙСЕНОВ,
№108 жалпы білім беретін мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Алматы қаласының Жетісу ауданы                                                                                       

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий