М. Әуезов университетінің басшылығы мен жетекші ғалымдары Түркістан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімше басшыларымен кездесті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығы мен жетекші ғалымдары «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС-нің Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетияров Жомарт Сражұлымен, «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Мыңбаев Мұхит Мамытұлымен, «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбаев Жандос Мақсатұлымен кездесті, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Кездесуде Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Ұ.С. Сүлейменов қатысушыларды университетте орындалып жатқан қаржыландырылатын гранттық және коммерцияландырылған жобалармен таныстырды. Кездесу шағын және орта бизнесті несиелендіру ережелері, несие алу үшін қажетті құжаттар тізімі туралы айтылды.

Сондай-ақ, «Оңтүстік» АИО 200 миллион теңгеге дейін, «Ырыс» МҚҰ Түркістан облысындағы фермерлер мен шаруа қожалықтарын қаржыландыруға 20 миллион теңгеге дейін несие беретіндігі айтылды. Кредиттер сүт-тауар фермаларын құруға және кеңейтуге, асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алуға, қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын сатып алуға, егіс жұмыстарын жүргізуге беріледі. 

Университет ғалымдары ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, инновациялық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға, жемістен жасалған чипстер шығаруға және жемістер мен көкөністерді кептіруге арналған жабдықтар сатып алуға көрсетілетін кредиттік қолдауға қызығушылық танытты. Университет ғалымдары мен «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ басшылары университеттің әзірлемелері мен инновациялық өнімдерін нарыққа шығаруда ынтымақтастық жасау туралы келісімге келді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий