“Ауыл мектебі рowered by NIS”: “RG Gold” отандық алтын өндіруші өндірістік компаниясы қосылуда

“Ауыл мектебі рowered by NIS” білім беру жобасына «RG Gold» қазақстандық алтын өндіруші компания қосылды. “Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен «RG Gold»  қазақстандық алтын өндіруші өндірістік компаниясы Ақмола облысы  Бурабай ауданындағы Успено-Юрьевка  және Николаевка ауылдарындағы екі орта мектепте «Ауыл мектебі рowered by NIS» білім жобасын жүзеге асырмақ, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының Бұланды ауданы, Макинск орта мектебінде жобаның бірінші кезеңі аяқталды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова жобаны аясында мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру және цифрлық ресурстардың қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша «RG Gold»  қазақстандық алтын өндіруші өндірістік компаниясы өкілдерімен кездесті.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарушы директоры Айгүл Қазжанова, RG Gold заң департаментінің басшысы Айсулу Кайтанова мен қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Айгерим Айтуганова, Ақмола облысы білім басқармасының бөлім жетекшісі Әсемгүл Сүлейменова, «Aitas KZ» акционерлік қоғамы «Ауыл мектебі рowered by NIS» жобасының үйлестірушісі Данияр Токтарбаев, «Іскерлік аумақтарды тұрақты дамыту қоры» Корпоративтік қорының өкілі Ли Ен Сан жобаның басым бағыттарын талқылады.

Қазіргі уақытта NIS пен «Aitas KZ» ынтымақтастығының арқасында жобаға Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы төрт мектеп қосылды. – Бүгін «Ауыл мектебі рowered by NIS» көкжиегін кеңейтіп, ұлттық ауқымдағы жобаға айналуда, – деді «Aitas KZ» АҚ Бас директоры Серік Толықпаев бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий