Кәсіподақ басшылары мүгедектерге арналған оңалту орталығының жағдайымен танысты

“Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, карантиндік режимнің санитарлық талаптарын сақтай отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің қызмет көрсету жұмыстарымен және қал-жағдайларымен танысты, – деп хабарлайды осы салалық ұйымның жергілікті баспасөз қызметі.

Орталықта кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың басында құрылып, оның құрамына 43 адам немесе мекеменің 100% қызметкері кәсіподақ мүшесіне кірген. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Медарова Ұлбике Балымбекқызы ұйымның жұмысын өте жақсы жүргізіп келеді және оған жұмыс беруші-орталықтың директоры Нұржанова Винера Шыңғысқызы тарапынан қолдау көрсетілуде. Орталық 75 адамды оңалтуға арналған, бүгінде карантинтік режим талаптарын сақтай отырып, мүгедектерді оңалту жұмыстары іске асырылып келеді.

Қызмет көрсету жұмыстарына қосымша 20 адам, оның ішінде қоғамдық жұмыспен қамту бағдарламасымен 10 адам және жастар практикасы бағдарламасымен 10 адам тартылған. Орталықтың жұмыс берушісі мен кәсіподағы арасында 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, ол еңбек инспекциясы басқармасында тіркелген.Мекеменің жұмыс орындары қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілер үшін де өте қолайлы жағдайлар жасалып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Сондай-ақ, оны алдағы кезде ауру түрлеріне байланысты қосымша заманауи құрал-жабдықтармен алу арқылы мүгедектерді оңалту жұмыстарын дамыту мен қызмет көрсетушілердің жұмыстарын жақсарту жоспары бар. Спорттық құрал жабдықтар орналастырылған тренажерлер залдарындағы және қол өнер шеберлері бөлімшесіндегі мүгедектерді оңалту жұмыстары, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін қызметкерлердің немесе кәсіподақ мүшелерінің жұмыс жағдайы жақсы жолға қойылған.

Сонымен бірге жұмыс орындарындағы еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелері де талапқа сай жүргізілуде. Қорыта келгенде, қызмет алушылар да және қызмет көрсетушілер де ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында мекеме жұмыскерлерінің ішінен көп жылдан бері еңбек сіңіріп, белсенді қызмет етіп жүрген кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградалары табысталды. Атап айтқанда, орталықтың кір жуғыш машинисті кәсіподақ ұйымының төрайымы Медарова Ұлбике Балымбекқызы филиалдың «Құрмет грамотасымен» және орталықтың есепшісі Мырзанова Салигүл Маматқызы филиалдың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий