“XXI ғасыр көшбасшысы”: Жамбылдық қос оқушы зияткерлік сайысының екінші кезеңіне жолдама алды

ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Хабар» Агенттігінің қолдауымен «NURORDA MEDIA» компаниясы жуырда «Хабар» арнасынан «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының түсірілімін жандандырды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын зияткерлік сайысы соңғы он бас жыл қатарынан қалың көрерменнің сүйікті бағдарламасына айналды. Түсірілімге біздің аймақтан жеті үміткер жолдама алған болатын. Білім бәйгесіне қатысқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Абуталип Диас пен Талас ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Аллаберген Ернұр жүзден жүйрік атанып, екінші кезеңге кезеңге қадам басты. Диас пен Ернұрға алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий