Ақмола облысы: “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” құзыреттілігі бойынша аймақтық кезең жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша ұйымдастырылған «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Бес модуль бойынша сынға түскен қатысушылар сайысқа жоғары дайындықпен келгендігін байқатты. Ұлттық чемпионаттың аймақтық кезеңіне аталған құзіреттілік бойынша бес үміткер қатысып, бақ сынады. Қатысушылар өз өнері, білім, білік, дағдыларын төмендегі кезеңдер бойынша ортаға салды. Атап айтсақ, С модулі: Сәндік қолданбалы өнер. Тәрбиешінің балалармен бірге орындалып көрсетілетін сәндік сурет салу үлгісін әзірлеу; D модулі: Мектеп жасына дейінгі балалар үшін робот техникасы бойынша оқу қызметін әзірлеу және өткізу.

E модулі: «Денсаулық» білім беру ортасы». Ересек топ балаларымен таңертеңгілік жаттығуды әзірлеу және өткізу. Нәтижесінде, барлық кезең бойынша өз шеберлігін таныта білген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Иват Үмітгүл алғашқы қатардан көрінсе, Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің студенті Нұрмағамбетова Нұрсұлу Бауыржанқызы жүлделі екінші орынды иеленді.

Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Калижанова Жадыра Асқарқызына, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Осина Виолеттаға, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенті Калиновская Алина Витальевнаға чемпионат барысында көрсеткен жоғары деңгейдегі дайындықтары мен шеберліктері үшін Алғыс жарияланды. Жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды. Аймақтық кезең жеңімпазы «Worldskills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатында облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий