Тарихи күн: Ғарышқа жасалған саяхат

Ғарыш…Ғарышкер. Қазақстан – ғарыш сапары. Өйткені, ғарыш кеңістігіне адамзат баласын арқалаған әуе кемесі тұңғыш рет қазақ жерінен қанат қақты. Биыл адамзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл, қазақстандық ғарышкерлердің ғарышқа шыққанына 30 жыл толды. 12 сәуір – адамзаттың ғарышты бағындырған күні.  Осы айтулы мерекеге орай Есіл әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – ғарыш сапары» атты онлайн бейнеролик байқауы өтті. Қатысушылар материалды жанрына қарай сұхбат, репортаж немесе бейнеклип түрінде түсірді.

Бұл байқауға №66 мектеп-лицейінің оқушылары белсенділік танытып, ғарыш әлемін зерттеп, өз жұмыстарын ұсынды. 15 оқушының жұмысы жоғары бағаланды. Атап айтсақ, 10 сынып оқушылары Оспанов Темірлан, Онбаева Амира, Сағатов Талғат, Советов Бауыржан, Рамазанов Райымбек,  Керімбай Тоғжан, Айғани Ақерке, 9 сынып оқушылары Жолдаспеков Арнұр, Курмангали Айгерим, Калиева Жанель, 8 сынып оқушылары Серік Асқар, Серік Ару, 2 сынып оқушылары Алсу Әмірханова, Мейрамбек Сымбат. Жүзден жүйрік, мыңнан оза шауып 2 «Ә» сынып оқушысы  Мейрамбек Сымбат 1 орын иеленді.

Оқушыларға жетекшілік етіп, қолдау білдірген физика пәнінің мұғалімдері Алимжанова Гүлдана Рамазанқызы, Юсупова Алия Ашимовна, бастауыш мұғалімдері Жомартова Мейрамгүл Ергазина, Маликова Айзат Кажибековна, орыс тілі мұғалімі Станова Гүлсім Аманбайқызы, технология пәнінің мұғалімі Спатова Гаухар Амангелдіқызына алғыс білідреміз. Үлгілі, дарынды шәкірттеріңіз көп болсын. Бұл жеңімпаз оқушылар үшін арнайы танымдық саяхат пен ғарышкерлермен кездесу кеш үйымдастырылды. Ұлттық Ғарыш орталығына саяхат жасап, ғарышкер, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының батыры, “Халық қаһарманы” атағының иегері, Сенат депутаты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев, Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы Айымбетов Айдын Ақанұлымен кездесу кеші өтті.

Кеш барысында жеңімпаз оқушыларын марапаттау сәті болды, үздік деп танылған бейнероликтер көрсетілді. 1 орын иеленген талантты оқушымыз Мейрамбек Сымбатты ғарышкер Талғат Мұсабаев өз қолымен марапаттап, қолтаңбасын беріп, тілегін жеткізді. Кеш барысында оқушыларымыз белсенділік танытып, ғарышкерлерге түрлі сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтар қонақтарға қанат бітіріп, әр сұраққа тереңірек әрі қызықты жауап берді. Оқушылар ғарышкерлердің берген жауабын ынта қойып тыңдады. Аты аңызға айналған ғарышкерлер өз еңбек жолдарының қиыны мен қызығын, үлкен жетістікке жеткен еңбек жолдарын жеткізді.

Сонымен қатар оқушыларға өз ақыл-кеңестерін беріп, арман-қиялдарына қанат бітірді. Танымдық саяхат жасау барысында үлкен экранда орбитадағы серіктердің жағдайы көрсетілді, макетте ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені ұсынылды. Сондай-ақ, балалар мұражайға барып, ұсынылған жәдігерлермен танысты. Ұлттық Ғарыш орталығы нысандары балаларды, әсіресе, жоғары сынып оқушыларын таң қалдырды. Болашақ мамандықты таңдауда, олар “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ-да оқыту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мәселелеріне қызығушылық танытты. 

Кеш соңында оқушылар ғарышкерлермен естелікке суретке түсіп, қолтаңба алды.  Іс-шара соңында қатысушылар Юрий Гагариннің мүсініне гүл шоқтарын қойды. Осындай жоғары деңгейдегі іс-шараны, байқауды ұйымдастырған «Есіл» әкімдігінің ұжымына Алғыс білдіреміз. Сонымен қатар іс-шараның басы-қасында жүріп, оқушыларға үлкен қолдау мен тілегін білдірген «Есіл» ауданының әкімі Жакенов Берік Оралұлына алғыс білдіреміз.

Міне, осында тарихи күннің куәсі болған жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз. Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын тұлға болатындарыңызға кәміл сенеміз. Ғарыш әлемін бағындыратын шәкірттеріміз көп болсын!

Толқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ,
№ 66 мектеп-лицей директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий