“Жас маман” жобасы – жарқын болашақ бағдары
Жас мұраты, білім, тәлім — талабы. Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.,деп ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, бүгінгі күнде жас мамандарға рухани жігер беретін, жарқын болашақтарына бағдар беретін елімізде «Жас маман»жобасы қолға алынды. Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.
Халқымыз білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін кейінгі ұрпағына үнемі айтып отырған. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — қуат көзі жоқ екені белгілі.
Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,
Мол бақыт күтемін жас ұрпақ сенен жасырман.
Басқаны қайдан ұлылық күтемін өз басым,
Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан. «Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде 2019 жылдың 2019 жылғы 23 қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «ҚР Үкіметінің қаулысымен» Кәсіпқор Холдингі» «КЕАҚ «Жас маман» жобасының операторы болып белгіленді. Еліміздегі «Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғарғы оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.
66 жылдық асқаралы тарихында еліміздің ертеңгі болашағы жастардың кәсіби білім алуына, білікті мамандар даярлауда Шелек политнхникалық колледжінің ұжымы белсенді азаматтық ұстаныммен жетістіктер баспалдағынан көрінуде. Материалдық техникалық базаны жақсарту және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандарды даярлау, оқытушылардың құзіреттілігін арттыру үшін колледж «Жас маман» жобасына қатысуға іріктеуден өтті. «Жас маман» жобасы шеңберінде білім беру процесін жаңғырту, білімгерлер мен өндірістік оқыту шеңберін оқыту.
Сондай-ақ мәлімделген кәсіптер бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламаларын, оқу материалдық базаны жаңғырту Woridskitis форматында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін заманауи құзіреттілік-басты назарда. «Жас маман» жобасын іске асыру үш кезеңге бөлінген: колледжді жабдықтау; шетелдік әріптестермен олардың білікті мамандар даярлайтын оқу бағдарламаларын енгізумен жұмыс істейді; нәтижелері. Шетелдік серіктеспен бірлескен жұмыс екі жыл бойы жалғасады:
2021 және 2022 жылдар аралығында шетелдік серіктес холдингпен және колледжбен бірлесіп жұмыс істейтін болады: колледждің білім беру сапасын бағалау бойынша; колледж ОЖБ оқыту бойынша; халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау бағдарламаларын енгізу бойынша. Шетелдік серіктеспен бірлескен жұмыс нәтижесінде колледж 100 ең көп сұранысқа ие мамандықтар бойынша Халықаралық Қайта аккредиттеуге дайын болуы керек. Салалық аккредиттеу-білім беру ұйымының сапасын аккредиттеу органының белгіленген халықаралық салалық стандарттарға сәйкестігін бағалау процесі.
Аккредиттеу процесінде оқытушыларды тексеру,талдау,оқыту және сертификаттау,қолданыстағы халықаралық салалық стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту әзірлеу жүргізіледі. Жобаның іске асырылуына мониторинг пен талдауды Холдинг әрбір өңір мен колледж бөлінісінде 5 жыл бойы жүргізілетін болады. Мониторинг жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша жылына екі рет жүргізілетін болады. Материалдық техникалық базаны жақсарту және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандарды даярлау, оқытушылардың құзіреттілігін арттыру үшін колледж «Жас маман» жобасына қатысуға іріктеуден өтті.
Республикадағы серіктес жұмыс берушілермен бірлесіп,елордадағы еңбек нарығының жай-күйі туралы ағымдағы ақпарат алу,қазіргі уақытта және болашақта мамандықтар мен түлектерге деген қажеттілікті талдау үшін зерттеулер жүргізіледі. Бұл телекоммуникациялар бойынша монтаждаушылар мен жөндеушілер, ақпаратты қорғау жөніндегі техник, авто(мото) слесарлар мен жөндеушілер, (экологиялық) көлікті жөндеу жөніндегі шебер,операторлар, құрылысшыларды супервайзерлер (бригадирлер) «ақылы үй» инфрақұрылымы модулін интеграциялай отырып, құрылысшы-техниктер сияқты мамандықтар.
Колледжіміз автослесарь мен көлікті жөндеу мамандығы бойынша іріктеуден өтті, «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын»,- деп заманымыздың заңғары Міржақып Дулатов жырлағандай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұр. Жастар –жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры екенін әрбір жас жүрегімен сезінуі қажет. «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді», – деген Әл-Фарабидің даналығына сүйенсек, «Жас маман» жобасы – жарқын болашақ бағдары екені сөзсіз.
Ізденіс мені шексіз шығармашылық әлеміне ұмтылған онға жуық арнайы мамандарымыз бен өндіріс шеберлері бүгінде өз біліктілкткрін арттыруға ұмтылуда. Жабдықтарды таңдау кезінде Woridskitis негізінде,екіншісі-өндіріс талаптарына сәйкестігі мәнінде нарық талаптарын алады. Бұл жоба бойынша бекітілген жабдықтар тізбесі шеңберінде колледж үшін қажетті жабдықтар тізбесі өтті. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, елімізді іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде.
Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез – келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген отанымыздың нағыз патриоттары ғана сынақтардан сүрінбейтіні анық!
66 жылдық тарихы бар асқаралы,
Механизация мектебінен бастау алған,
«Жас маман» жобасымен көкке самғап,
Жұлдызы жарқырайды аспанынан.
Ендеше, іске сәт,жас маман!
Куат Курмангалиевич ДУЙСЕБАЕВ Шелек политехникалық колледжі директор Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы
Загрузка...