Қашықтан оқыту: Жаңа жағдайдағы маңызды мәселелер

Біздің білім ордасындағы №3 жалпы педагогикалық кеңес «Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау» тақырыбында ұйымдастырылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майманов Дарын Беделұлы «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шiлдедегi №169-VІ Қазақстан Республикасының Заңына тоқталып, мектеп, яғни  білім беру саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратындығын атап айтты.

Осы ретте қашықтан оқыту жағдайында оқып отырған өтпелі кезең жасөспірімдерінің интернет желісін дұрыс бағытта пайдаланбағандықтан түрлі ойындарға әуестеніп, әлеуметтік желілерде көп уақыттарын өткізетіндігі жасырын еместігін атап өтті. Сонымен қатар, сынып жетекшілерінің  ата-аналарға балаларының бос уақытында немен айналысатындығын жіті қадағалауда ұстауын ескертіп отыру, сынып сағаттарында оқушыларға әлеуметтік желілердің зиянды жақтары туралы ақпараттармен таныстыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажеттілігін жеткізді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұса А.Б. сөз алып, 2020-2021 оқу жылының І, ІІ, ІІІ тоқсан бойынша құқық бұзушылықтың қорытынды есебін оқыды. Көпшілік жағдайда оқушылар арасында құқықбұзушылықтың көбею себептері балалардың бос уақытының көп болуы, ата-аналарға әр түрлі үйірмелер, оның ішінде көп балалы отбасыларға тегін үйірмелердің бар екендігі туралы  айтып, оқушылардың мектептен тыс үйірмелерге де қатысуын бақылау жайын әңгімеледі. Қашықтан оқыту кезіндегі сынып жетекші  мен ата-ананың  байланысы туралы бастауыш сынып мұғалімі Бақты Бейбітхан баяндама жасады.

Өз баяндамасында бастауыш сыныптарда сынып жетекшілерінің ата-анамен тұрақты, сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызына тоқтала келіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Онлайн оқыту жағдайында әр пән мұғалімнің сабағын жіті қадағалап отырған ата-ананың көңілінен шығудың қиындығын айта келіп, тек табанды еңбекпен  оқушы білімінің нәтижесін көрсеткенде мүмкін болатынын атап өтті. Бала тәрбиесі мен оның білім алуына жауапкершілікпен қарап, оқушылардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау жұмыстарына баса назар аударғанымыз жөн.

Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.

Ләззәт Байшымырқызы ДӘУЛЕТБЕК,
№180 жалпы білім беретін мектептің
директоры,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий