Үміткерлер үлгісі: Бап пен бақтың байқауы

Біздің білім ордасындағы әріптестер арасында “Үздік педагог”,“Жыл мұғалімі-2021” мектепішілік байқау биыл ерекше жағдайды ұйымдастырылды. Сынаққа жас шығармашыл ұстаздары қатысып, бақтары мен баптарын байқады. Олардың қатарында А.Абишева, А.Джумадуллаева, Р. Какиева, Ф. Нурмагамбетова (бастауыш сынып мұғалімдері); А.Топатаева, О.Жумадиллаева (ағылшын тілі мүғалімдері); С.Сулейманова орыс тілі пәні мұғалімі, Ш.Оразбекова математика пәні мұғалімі бар. Үміткерлер бес кезең бойынша түрлі сынақтан өтті.

Алғашқы сәтте ұстаздар өздерінің біліктілігі мен шығармашылық жетістіктерін портфолиоға жинақтау арқылы зерделесе, келесі кезекте мұғалімдер кәсіби-әдістемелік және инновациялық-технологиялық ізденістерінің таныстырылымын аша білді. Байқаудың келесі кезеңдерінде қатысушы ұстаздар ашық сабақтары мен ашық тәрбие сағаттарына талдау жасап, тәжірибелерін ортаға салды. Жарыс барысында қатысушылар ұлт ұстаздары Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының, ұлы ақын Абай мен Мағжанның даналық сөздерін шығармашылықтарына арқау ете білді.

Сабақ барысында олар тәрбие сағаттарында ұлттық педагогикаға маңыз беріп, ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударылуларымен ерекшеленді. Қорытындысында “Жыл мұғалімі – 2021”аталымы Джумадуллаева Ақжарқынға бұйырса, бірінші орынды Жумадиллаева Орынша иеленді. “Үздік педагог” ретінде Какиева Раушан танылса, алғашқы қатардан Ақжарқын Абишева көрінді. “Өнерлі педагог” аталымы бойынша Оразбекова Шынар, “Білікті педагог” аталымы бойынша Сүлейманова Сати, “Ізденімпаз педагог” Топатаева Айнұр, “Шығарармашыл педагог” Нурмагамбетова Фариданың есімдері белгілі болды.

Әділқазылар алқасы мен көрермендер ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, бағалы сыйлықтар табысталды. Биылғы байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына басшылық жасап, жан-жақты қолдау көрсеткен директордың ғылыми-істер жөніндегі орынбасары Жұлдыз Джапбасбаеваға ұстаздардың айтар алғысы шексіз.

Лаззат Ескермесқызы ЕСКЕНДИРОВА,
№149ЖББ мектептің тарих пәні мұғалімі,
Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий