М.Мақатаев – 90: Мәңгілік музаның мұрасы

Аудандық кітапханашылардың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында біздің білім ордасында мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған “Мұқағали мәңгілік – ғұмыр” тақырыбында аудан ұстаздарының арасында әдеби сазды сайыс  ұйымдастырылды.

Басты мақсат – ақиық ақынның шығармашылығын ұстаздар арасында кеңінен насихаттау арқылы өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуге және ұстаздардың орындаушылық шеберлігін арттыра отырып, олардың өнерінің шыңдалуына сахналық мәдениетінің арттыруға бағытталған болатын. Кеш қонағы ретінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Алия Смағұлова ізгі лебізін білдіріп, мектеп директоры Г.Даулетова қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қорытынды нәтижесінде алғашқы аталымға сәйкес №152 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Чабден Жанболат «Шәмілге жазған хаттардан» өлеңі арқылы бірінші дәрежелі, №171 мектептің қазақ тілі мұғалімі Қожағұлова Меруерт «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен екінші дәрежелі, №178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі Данияр Курманжанұлы «Жоқ дәрігер» өлеңімен үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталса, екінші аталым бойынша №160 мектептің еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Бағашаров Айдос «Сен сұлусың» әнімен бірінші дәрежелі дипламды иеленді.

№180 мектептің мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төрехан Бақдәулет «Ұнатамын мен сені» әнімен екінші дәрежелі, №181 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алдаберлі Мархаббат Тәттібайқызы «Саржайлау» әнімен үшінші дәрежелі дипломмен марпатталды. Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлейтін қымбат мұрасы. Поэзия падишасының көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Кеш соңынында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы; Қайрат Мұхамедиев ұлағатты ұстаздарды жемісті жетістіктерімен құттықтап ақынның жыр жинағын сыйға тартты. 

Тұрсынхан САРСЕМБАЕВА,
№160 жалпы білім беретін
мектебінің кітапхана меңгерушісі,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий