Халықаралық қауіпсіздік: Қазақстанның жаһандық бастамалары

Сан түрлі тарихты басымыздан өткеріп еркіндіктің туын көкке асқақтанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Тұңғыш Президентіміз ең алдымен Семей сынақ полигонын жауып, әлем бойынша ядролық қуаты жағынан төртінші орында тұрса да, бұл қарудан ерікті түрде түбегейлі бас тартты. Бұл қадам мемлекетіміздің бейбітшілікті берік ұстанған саясатын мойындатып қана қоймай, көптеген алпауыт елдердің ядролық сынақтарға мораторий жариялауына түрткі болды.

Жалпыадамзаттың игілігі үшін жасалған бастамалар кейін де жалғасын тапты. Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылды; жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам ядролық сынақтардан біржола бас тартуға бағытталған «Атом» жобасы іске қосылды; Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылдың желтоқсанында қабылдаған Ядролық қарусыз әлем құру туралы жалпы декларациясына бастамашы болып, оған демеушілік жасағаны белгілі.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бойынша ядролық қару­мен қатар, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлеріне, оның ішінде БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қаруды жасау және оны жетілдіруге арналған ғылыми жаңалықтарды есепке алу реестрі арқылы тыйым салуды ұсынды; Сириядағы азаматтық қақтығыстарға қатысты мәселені шешу барысында Қазақстан бейбіт келіссөздер жүргізуде, соның ішінде Таяу Шығыс аймақтарында маңызды рөл атқарады.

Сириядағы ел азаматтарын елге қайтару аясында жүргізілген «Жусан» операциясын да өзге ірі мемлекеттер аса жоғары бағалаған болатын. Бұл бағыттағы түрлі келіссөздер мен оң шешімін тапқан мәселелер ұлтымыздың болашағы үшін ғана емес, жалпыадамзатттық мәселелерді тұрақтандыруға бағытталған батыл бастамаға бағаланды. Ұлттық ұстанымдардың негізінде бүгінде тәуелсіз еліміз әлем назарын өзіне аударып қана қоймай, халықаралық деңгейдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты берік ұстанушы мемлекеттердің бірі болып табылады.

А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы
білім беретін мектептің өнер пән
бірлестігі, Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий