Рухани акция: Жыл кітаптарын бірге оқиық!

“Бір ел – бір кітап» аталатын республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он бесінші мәрте ұйымдастырылуда. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

Жыл кітабы болып таңдалған кітаптар кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихатталып жатыр. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Осыған орай бесінші сынып оқушылары балалар жазушысы, публисцист Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» әңгімесінің толық нұсқадағы мәтінін https://kitap.kz  сайты арқылы оқып, онлайн және офлайн түрінде талқылады.

Тоғызыншы сынып оқушылары арасында оқылуы үшін қазақтың белгілі ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабы» таңдалып алынды. Автордың бұл шығармасы кітапхана қорында болмауы себепті оқушылар https://adebiportal.kz  сайтын пайдаланды. Оқушылар өздеріне ұнаған ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы жырларын мәнерлеп оқып, өз ойларымен бөлісті. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» акциясы әрі қарай да жалғасын табады.

Гүлжанар ТОБЫКБАЕВА,
Шәкәрім атындағы үш тілде
оқытатын көпбейінді гимназияның
кітапхана меңгерушісі,
Динара САКАЕВА,
кітапханашы, Шығыс Қазақстан
облысының Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий