“Turkic Studies Journal” түркі зерттеулері ғылыми журналының таныстырылымы

Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күні және ЕҰУ-дің 25 жылдығы қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Turkic Studies Journal» түркі зерттеулері ғылыми журналының таныстырылымдық рәсімін ұйымдастырады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Журнал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасын іске асыру аясында шығарылады. Журналдың бас редакторы «Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректоры, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ерлан Сыдықов. Басылымның редакциялық алқасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Венгрия, Нидерланды, Германия түрколог-ғалымдары кіреді.

Журналдың зерттеу тақырыптары бірнеше бағытты қамтиды: тарих және археология; мәдениеттану және саясаттану; диахрония мен синхрониядағы түркі тілдері; сондай-ақтүркі әдебиеті мен фольклоры. Ғылыми басылым жылына төрт рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Тұсаукесер рәсімге мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар  ғалымдармен БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий