Эйлер олимпиадасында атыраулық екі оқушы жүлдеге ие болды

Л. Эйлер атындағы математика олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысқан атыраулық екі оқушы арнайы жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

Аталған олимпиаданы”Әл Фараби” Олимпиадаға дайындық орталығы ұйымдастырып, оған еліміздің барлық түпкірінен 6-8 сынып бойынша 35 оқушы қатысты. Айта кетелік, республика бойынша тек облыстық кезең жеңімпаздары қатысқан олимпиадада Атырау облыстық “Білім-инновация” лицейінің 8 сынып оқушылары Мансур Үмбетқали мен Мирас Бейсенбаев жүлделі үшінші орынға ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий