“Worldskills Kazakhstan – 2021”: “Мектепте музыканы оқыту” құзіреттілігі бойынша аймақтық чемпионат мәреге жетті

 

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Мектепте музыканы оқыту» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионатының жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жас мамандарға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылар мен жоғары біліктіліктерді алу мүмкіндігін беру мақсатында өткізіліп келе жатқан чемпионатқа «Мектепте музыканы оқыту» құзыреттілігі жаңадан енгізіліп отыр. Аймақтық чемпионаттың ашылу салтанатынан бастау алып, қатысушылар шеберлік сайысының 4 кезеңі бойынша сайысқа түсті. Чемпионатқа қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, жоғарғы көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік алды. Чемпионат төмендегі кезеңдер бойынша өткізілді: А модулі: Видеоклип; В модулі: Шығармашылық баттл; С модулі: Ырғақтық импровизация; D модулі: Мектептегі музыка сабағы.

Жүлделі бірінші орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің түлегі Бабаева Алина Беспайқызы иеленді. Көкшетау қаласы Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенті Махат Мөлдір Русланқызы, Щучье қаласының жоғары педагогикалық колледжінің студенті Куникеева Дина Сериковна мен Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Мұханбедуали Оразмұхамеджанкерей Жаңабайұлына аймақтық чемпионатта көрсеткен өнерлері үшін Алғыс хат табысталды. Өз өнері, кәсіби шеберлігі арқасында топтан суырылып шыққан жеңімпазымызды шын көңілден құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий