Ветеринарлық білім инновация жолында
Инновациялық Еуразия университетінің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы Евгений Борисович Никитин ҚР БҒМ және еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу онлайн режимде ұйымдастырылды. Онда жоғары білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда-ветеринарлық, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Жеке меншік университеттерде жоғары ветеринарлық білім беру саласында мамандарды даярлау сапасы мәселесі көтерілді. ИнЕУ ректоры атап өткендей, ветеринария әрқашан Ауыл шаруашылығының ең негізгі бағыттарының бірі болып табылады және мал шаруашылығының қызмет көрсету саласы болып қала береді. Айтпақшы, адамдардың денсаулығы ветеринариялық білімнің сапасына байланысты.
– Жергілікті жерлерде мал шаруашылығына ветеринариялық қызмет көрсету, өндірісті ветеринариялық кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жағдай күрделі болып қалуда. Біздің мәліметтеріміз бойынша, қазіргі уақытта республика бойынша ветеринарлық мамандардың тапшылығы шамамен 7 мың адамды құрайды. Сонымен қатар, жұмыс істейтін ветеринарлардың көпшілігінде ескі білім қоры бар. Осы жерден жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының жиі өршуі, оларды адамдар жұқтыруы, қолайсыз пункттердің азаймауы түріндегі біздің барлық қасіретіміз шығады. Біздің ойымызша, дәл осы себептен біздің еліміз зор әлеуетке ие бола отырып, әлі күнге дейін өзінің мал шаруашылығы өнімдерімен экспорттық нарықтарға шыға алмайды, – деді Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Евгений Никитин.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын кадрлармен қамтамасыз ету жағдайына алаңдаушылық білдірді. Ол мамандарды даярлауды жақсарту қажеттігін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті осы бағыттағы гранттар санын көбейтіп, олардың құнын арттыруды тапсырған болатын. – Біздің ойымызша, бұл ең алдымен ветеринарлық мамандықтарға қатысты болуы керек. Сонымен қатар, ветеринарларды даярлау бес жыл ішінде жүзеге асырылады және басқа ауылшаруашылық мамандықтарына қарағанда ең қымбат болып табылады.
Академик Скрябин айтқандай, «дәрігер адамдарды емдейді, ал мал дәрігері адамзатты емдейді». Жоғары ветеринарлық білімі бар мамандарды даярлауға жұмсалатын шығындар медициналық мамандарды даярлауға арналған гранттың құнынан төмен болмауы тиіс деп есептейміз, – деді жоғары оқу орнының басшысы өз сөзінде.
Айта кету керек, ИнЕУ – «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны, бұл кадрлардың қажеттілігін және жұмыс берушілермен өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Студенттер Павлодар облысының өндірістік кәсіпорындарында, облыстық және аудандық ауқымдағы ветеринариялық зертханаларда, ветеринариялық клиникаларда, ғылыми-зерттеу институттарында және мамандық бейіні бойынша мемлекеттік емес ұйымдарда кәсіптік практикадан өтеді.
Загрузка...