ЕҰУ-де Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні екі ғылыми зертхана ашылады
12 сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар», сондай-ақ «Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу» атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Зертханалар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Функционалды материалтану, нанотехнология және компьютерлік модельдеу»ғылыми-зерттеу институтының құрамына кіредіМұнда материалдардың радиациялық тұрақтылығын, нанотехнологияларды және кванттық-химиялық модельдеуді зерттеу мен болжау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Загрузка...Зертханадағы құрал-жабдықтар соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған. Бүгінгі таңда зертхана ғалымдары патент алып, рейтингтік журналдарда 37 мақала жариялады. Зерттеулер Латвия, Жапония, Беларусь және Ресей университеттерімен бірлесіп жүргізілуде.