Үлгілі ұстаз, ақылшы әріптес

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Ұстаз – ұлы есім» – дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық…

Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын  ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты студент бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі Сүйменова Маржан Күзембаевна.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, осындай адаммен кездестірген тағдырға ризашылығымды білдіремін. Маржан Күзембаевна 1968 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай кентінде дүниеге келген.1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтына “Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс” мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1991 жылы аталған институттың толық курсын аяқтады. Маржан Күзембаевна «Tехнологиялық машиналар және жабдықтар» магистрі.1991 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып жұмыс істейді.  

Бақытын еңбектен таба білген ұстаз отбасылық өмірде де бақытты: Маржан апайым қазіргі таңда адал жар, аяулы ана, әріптестер арасында құрметі жоғары  ұстаз. 2006 жылы білім министрінің грамотасымен марапатталды. Маржан Күзембаевнаның ғылыми жетекшілігімен студенттер ғылыми баяндамаларға қатысты және әртүрлі конференциялар мен ғылыми семинарларда жүлделі орындарға ие болды.

Мамыр айында 2012ж. Астрахань қаласындағы АИСИ-де өткен жас ғалымдардың, студенттер мен оқушылардың “Интеллектуалды дарынды жастардың әлеуеті-Каспийдің дамуы” атты 1 Халықаралық ғылыми форумына қатысқаны үшін екінші дәрежелі диплом берілді. Қорыта айтқанда, Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға», – деген қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын  ұстазымның күш- қайраты еш таусылмаса екен деймін.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий