Республикаға танылған қалалық мектептің мерейі

Мектепiшiлiк оқушылардың “Жас Фараби” ҒК жас зерттеушілердің зерттеу жұмысына ерекше көңіл бөледі. Табанды оқушыларымыз мектеп бiтiргеннен кейінгі жоғары оқу орнында, бiтiрiп мамандық иесі болған қызметтерінде де оқушылық кезден басталған ғылымға деген ерекше құлшыныстары мен ынталарын жалғастырып, ғылым жолын таңдауда.

Бүгінгі күнде осы iзденiске баулып, жеңіс тұғырына көтере бiлген заманауи көшбасшы ұстазымыз Карагулова Гаухар Курманжановнаның ғылыми жетекшілiгiмен зерттеу жұмысына деген ықыластары ерекше жас зерттеушілерiмiз, дарынды, 9 сынып оқушылары Жорабекова Назира мен Қуатқызы Айдана “Қолданбалы математика” секциясы бойынша республикалық жалпы білім беретін пәндерден өткен ғылыми жобалар байқауының екінші орын иегерлерi атанды.

Жас дарындар мектеп – гимназия мерейiн қалалық ғылыми жобалар конкурсының I орын жеңiмпаздары болып көтерсе, бұл жолы республикаға танытып, даңқымызды асырды! Дарынды даралап, ғылымға жетелеген ұстаз бен болашағымыздың берiк iргетасын заманауи жаңалықтарымен қалайтын жас ғалымдарымызға үлкен сенім артамыз!

Жас зерттеушілердi шыңдаған математика пәнінің мұғалімі Гаухар Қурманжанқызы мен балаларының iзденiciне сенiм артып, барынша тiлектестiкпен қолдап отырған ата- аналарына алғысымыз шексіз! Жас ғалымдар Назира мен Айдананың ғылым жолындағы iзгi армандарының орындалып, болашақтарының жарқын болатынына сенiм артамыз!

Назира Алмахановна ЖАҚЫПБЕКОВА,
№152 мектеп – гимназияның оқу-тәрбие,
әдiстемелiк орынбасары, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий