Қазақстан ғылымы: сандарды сөйлетсек

Ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі соңғы екі жылда шамамен екі есеге артты. 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің 1% дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл – отандық ғылымның дамуына үлкен серпін берері сөзсіз, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2020 жылы БҒМ-ге қарасты ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бюджеттік бағдарлама ашылып, 2,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 23 ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынды. Бұрын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстары үш жылда бір рет өткізілсе, 2020 жылы гранттық қаржыландыру бойынша бес конкурс өткізілді.

Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде жыл сайын 5,4 млрд. теңге сомасына 156 жобаны қаржыландырады. Оның ішінде 90 жоба бүгінде жалпы кірісі 6,6 млрд. теңгеден асатын сату кезеңіне жетті. 1300-ден астам жұмыс орны құрылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий