“Turkic Studies Journal” түркі зерттеулері ғылыми журналының таныстырылымы ұйымдастырылды

Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күні мен ЕҰУ-дің 25 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Turkic Studies Journal» түркі зерттеулері ғылыми журналының кезекті шығарылымы ұсынылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Журнал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасын іске асыру аясында шығарылады. Басылымның бас редакторы, басқарма төрағасы – Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов журналдың мақсатына тоқтала келіп:

– Басты міндет – журналды халықаралық Tomson Reuters және Skopus ғылыми рейтингтік басылымдармен бір деңгейге жеткізу. Мақсат – отандық ғылымның қызметкелері үшін де, шетелдік ғалымдар үшін де зерттеулерін жариялайтын беделді басылым ету. Елімізде техникалық ғылымдарға қарағанда, гуманитарлық бағыттағы ғылыми журналдар өте аз, ал түркология журналы сол олқылықтың орнын толтыратын болады,- деді ол өз сөзінде.

Басылымның редакциялық алқасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Венгрия, Нидерланды, Германия сынды елдердің 27 түрколог-ғалымдаы кіреді. Журналдың зерттеу тақырыптары бірнеше бағытты қамтиды: тарих және археология; мәдениеттану және саясаттану; диахрония мен синхрониядағы түркі тілдері; сондай-ақ түркі әдебиеті мен фольклоры. Ғылыми басылым жылына 4 рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий