Ш. Амонашвилидің ізгілендіру технологиясындағы ұстаз бен оқушының орны

Шалва Александрович Амонашвилидің ізгілік педагогикасы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жлдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», – деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән.

Кез-келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі. Баланың ішкі жан дүниесін қуаныш отын сыйлау керек Ш.А. Амонашвили «Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім – адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады.…» -дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы – рухани біртұтастықта.

Мұғалімнің басқарушылық қағидалары: Бала тұлғасын құрметтеу қағидасы; Баланың қалыптасуында – ұстамды, сабырлы болуы. Мұғалімнің өсиеттері: Бала қабілетінің шексіздігіне деген сенім; Өзінің педагогикалық қабілеттеріне деген сенім; Балаға деген ізгілік қадамның күшіне сенім. «Ондаған, жүздеген жолдарды оқушы мен оқытушы арасындағы руханилықтың байланыстырушысы бұл-жүрекке деген адами жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік. Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың қалыптастырылуына тырысамыз», – дейді.

Менің ойымша, педагогикалық махаббаттың мәні мен болмысын түсіну керек. Балалар мен әр баланы қалай сүю керектігін, махаббат тәрбиелеудің ең тиімді және ізгі күшіне айналуы үшін түсіну керек. Жер бетіндегі мұғалімдер мен тәрбиешілер қанша, біз осы сұраққа жауап ала аламыз — қалай. Егер біздің әрқайсымыз балаларға деген махаббатымыздың сапасын ұғынуға мың рет қайтар еді, менің ойымша, біз педагогикалық махаббаттың даналығын көрер едік. Адамзаттың жаңа түріне, жаңа нәсілге махаббат, мейірімділік, түсіністік, жәрдем, аяушылық, жанашырлық, қорғау педагогикасы қажет. Балаларға руханилық пен рухани ортақтықты арттыратын даналық педагогикасы қажет.

Педагогика – бұл классикалық мұрада тамыры бар адамгершілік педагогика деп аталады. Біздің балаға деген педагогикалық көзқарасымыз біріншіден, біздің өміріміздің табиғи құрамдас бөлігі болады (олар осы өмірдің ішінде туылады); екіншіден, бізге баланы, оның сүйкімді жағдайын түсіну болады және оларды ынтымақтастыққа ішкі шақырумен Біз орындайтын болады. Жалпы, бізде авторитарлық емес, күшті педагогика туады. Бұл ана жүрегінің педагогикасы болады, бұл тәрбиенің әкелік даналығы болады.

 

 

Ш.Амонашвилидің «Размышления о гуманной педагогике» еңбегінде оқушылардың жүрегіне қалай жол табу керек, олардың пәнге деген ынтасын, талабын, қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдері туралы айтылады. Оның тіпті кешігіп келген оқушыға жаза қолданбай «Келгенің қандай жақсы болды, мен сені күттім!» деп орнына отыруға рұқсат беруі, оқушыға деген ізгілікті қатынасын білдіреді. Ш. Амонашвили бойынша, ізгілендіру – баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.

Бұл – технологияның өзгелерінен ерекшеліктері: онда ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; рухани жетілдіру; ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу жүзеге асырылады. Шалва Александрович зиялы қауымға, педагогтарға, ата-аналарға адамгершілікті педагогиканың әдістері жайлы түрлі семинарлар мен оқуларда, шебер кластарында баяндап, көрсетіп жүр.

Балаларды мәдениет пен адамгершіліктің ең жоғарғы құндылықтарына қатыстыруға, бұлардың бойына мейірімділікті адамдарға, табиғатқа адамзаттың амандығына, баламен гуманды қарым-қатынас өнерін иеленуге, қамқорлықты дамытуға және тәрбиелеуге үнемі және ынтамен қамқорлық жасауды міндетіне алатындығы жайлы жазған.

Индира Мадиевна КАБДОЛДИНА,
“Бөбек” ҰҒПББСО “Өзін-өзі тану” гуманитарлық
колледжі директорының оқу әдістемелік
бірлестігінің орынбасары, әлеуметтік
педагогика және өзін-өзі тану магистрі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий