Жауапты жұмыстар жаңаша жүргізілуде

«Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында Елордалық педагогтердің құқықтарының қорғалуы мен педагогтік әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бастамасымен өткен жылдың тамыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде пилоттық жобада Әдеп жөніндегі Кеңес (қалалық Кеңес) – Консультативтік кеңесші орган құрылды.

Онымен қоса, осы Заң аясында 2020-2021 оқу жылының қыркүйегінен елордалық балабақша, мектеп, колледжде, әрбір ұйымның өзінің Педагогтік әдеп жөніндегі Кеңестері де өз жұмыстарын бастап кетті. Қалалық Кеңес – Консультативтік-кеңесші орган педагогтердің әдеп нормаларын сақтауын және оны бұзудың алдын алу үшін әдістемелік көмек көрсетіп, консультациялық қолдау береді. Оның құрамына білім беру жүйесіне қатысы бар құрметті тұлғалар мен білікті мамандар іріктеліп, қосылды.

Елордалық «Әділет» білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Батыр Алиев, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғам Холдингі президентінің Кеңесшісі Әсима Бимендина, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары Роман Ким, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева, «Nur Оtan» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау Комииссиясының  мүшесі  Ольга Тодераш, қалалық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Жанар Туребекова, қалалық мәслихаттың депутаты Рамзия Умербаева, Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының заңгері Жандос Шайдулла, «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің дамыту бойынша директоры Мәжит Шуленов, «Қолдау» «Білім беру ұйымдарының Қамқоршылық Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фарида Эйвазова елорда педагогтерінің Заң аясында құқықтарының қорғалуы мен педагогтік әдеп қағидасы нормаларының сақталуын түсіндіруге жанашырлықпен атсалысуда.

Қалалық Кеңес өз жұмысын педагогтер ұжымын, балабақша, мектеп, колледждің Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестерінің төрағаларымен онлайн конференцияларда қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттар тізбесімен таныстырудан бастады. Әрбір мекемедегі Педагогтік әдеп жөніндегі Кеңес төрағаларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Еңбек кодексінің нормаларын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңдарын және педагогтік әдеп ережелерін қолдану бойынша «құқықтық оқыту» семинарлары өткізілді.

Заңдылық, объективтілік және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып «Педагог үні» ашық диалог форматында білім беру ұйымдары басшыларымен және педагогтерімен өткізген офлайн және онлайн кездесулерде педагогтер жұмыстың қолайлы жағдайларын жасауды жақсарту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Мұғалім көпшілік жағдайда, мекемесінің ішіндегі Кеңеске жүгінбейді. Сондықтан да кез келген проблемалық мәселелер бойынша педагогтер алдымен сол өзі жұмыс жасайтын мекеменің Әдеп жөніндегі Кеңесіне жүгіну қажеттігін ашық айтып түсіндіріп отырдық.

Қалалық Кеңес құрылған кезден бастап жиырмаға жуық педагогтен жазбаша өтініш түсті. Осы өтініштер мазмұнына жүргізілген мониторингтің нәтижесі шағымда көтерілген мәселелердің көбінесе ұқсас болып келетіндігін көрсетті, яғни білім беру ұйымында педагогтік әдеп нормаларының сақталмауы мен заңсыз әрекеттер туралы. Әрбір шағым қалалық кеңестің кезектен тыс отырысында қаралады. Нәтижесі бойынша ұсынымдық сипатта хаттама әзірленіп, осы ұсыным шешім қабылдау үшін білім беру ұйымы мен Білім басқармасына жолданып отырады.

Министрдің Әдеп жөніндегі Кеңес құру туралы бастамасы елордалық педагогтердің Департаментпен тығыз байланыс жасауына, өз құқықтарының қорғалуына, өздерінің өтініштері мен ұсыныстарының «тыңдалуына» мүмкіндік берді. Пилоттық жобаны іске асыру сәтінен бастап педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығы арасында сенімге ие бола бастады. Қалалық кеңеске елорда педагогтері, ата-аналар білім беру ұйымдарында қозғауы қиын мәселелерді тікелей айта, жаза алады. Ең бастысы оларға әдістемелік және консультациялық көмек, қолдау көрсетілуде.  

Білім беру ұйымдары ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсарту, педагогтік әдепті бұзумен байланысты түсініспеушілік жайларды реттеу үшін сол мекеменің Педагогтік әдеп жөніндегі Кеңесімен бірлесіп, педагогтік әдепті бұзу мониторингін жүргізу, алдын алу жөніндегі жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. 

Бағым Әбубәкірқызы КӨПТІЛЕУОВА,
Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің
басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының білім
беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын
қорғау және педагогтік әдеп мәселелері
жөніндегі
Кеңестің төрағасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий