Жамбылдық жастар жақсылық жасап жарысуда

Жамбыл облыстық білім басқармасының бастамасымен облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында «30 игі іс» қайырымдылық акциясы бастау алды, – деп хабарлайды осы жергілікті өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ізгі шараның мақсаты – жастар арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту. Акция аясында бір күннің ішінде облыстағы 20 колледждің студенттері тұрмысы төмен 30 отбасыға материалдық, медициналық және үй-жайларына техникалық-тұрмыстық көмек көрсетті.

Атап айтсақ, студенттер үйлердің шатырының сынған жерін жабу, сыртқы темір есігін дәнекерлеу, бақшаны тазарту, терезелерге темір тор қою сынды қызметтер көрсетті. Одан бөлек еркіті жастар мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері мен медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрілер жиынтығын сыйға тартты. Тұрғындар өз кезегінде жастарға жасаған қолғабыс үшін алғыс білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий