Мамандықты дұрыс таңдау – баянды болашақтың бастауы

“Егер мамандық өмір салтына айналса, бұл қолөнер өнерге айналады”, – дейді. И. Шевелев. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау жұмысы оқу-тәрбие жұмысының құрылымындағы маңызды бағыт болып табылады және білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған. Басты міндеті-кәсіптік бағдар беру, дәйекті және егжей-тегжейлі ақпарат туралы мамандықтар, алынатын колледждерде, қозғай отырып, барлық білім беру сатылары.  

Сондықтан биылғы наурыз айында облыстық білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинеті кәсіптік бағдар беру онкүндігін ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – колледждердің педагогикалық және студенттік ұжымының қызметін жандандыру, талапкерлерді тарту, мектеп түлектеріне еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсетуге бағытталған болатын. Кәсіптік бағдарлау онкүндігі шеңберінде ТжКБ ұйымдарында кәсіптік бағдарлау онлайн-десанты, «Мен таңдаған мамандық», «Ең қызықты мамандық» сынып сағаттары (таңдалған тақырып бойынша онлайн-сынып сағаттарында ақпаратпен сөйлеу), «Менің мамандығым» челленджі ұйымдастырылды.

Оқушылар мамандықтар бойынша көрмелерге, әлеуметтік әріптестерге өндіріске экскурсияларға, өндіріс озаттарымен кездесулерге, «Біздің колледжді таңда!», тақырып бойынша пікірталасқа («Менің болашақ мамандығым жан үшін ме, әлде ақша үшін ме?», «Ең сұранысқа ие мамандықтар», «Заманауи кәсіби бағдар беру орталығы: мәселелері мен артықшылықтары») қатысты. Колледждердің кәсіптік бағдар беру бригадалары онлайн-сынып сағаттарында және ата-аналар онлайн-жиналыстарында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты қалай таңдауға болады» және ата-аналарға арналған «Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады» жадынамаларын әзірленді.

Кәсіптік бағдарлау онкүндігі шеңберінде ТжКБ ұйымдарында кәсіптік бағдарлау онлайн-десанты, «Мен таңдаған мамандық», «Ең қызықты мамандық» сынып сағаттары (таңдалған тақырып бойынша онлайн-сынып сағаттарында ақпаратпен сөйлеу), «Менің мамандығым» челленджі, мамандықтар бойынша көрмелер, әлеуметтік әріптестерге өндіріске экскурсиялар немесе колледж қабырғасында кездесулер, өндіріс озаттарымен әңгімелесі жүргізілді. «Біздің колледжді таңда!», тақырып бойынша пікірталас: «Менің болашақ мамандығым жан үшін ме, әлде ақша үшін ме?», «Ең сұранысқа ие мамандықтар», «Заманауи кәсіби бағдар беру орталығы: мәселелері мен артықшылықтары» сарапқа салынды.

Колледждердің кәсіптік бағдар беру бригадалары онлайн-сынып сағаттарында және ата-аналар онлайн-жиналыстарында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты қалай таңдауға болады» және ата-аналарға арналған «Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады» жадынамаларын әзірленді. Онкүндіктің шеңберіндее ұйымдастырылған шаралардың нәтижесі туралы ақпараттар колледж сайттарында, әлеуметтік желілерде, жергілікті теледидар арналарында орналастырылды.

Қорытынды кезеңдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауына өңірдегі 12 колледждің педагогтары белсене қатысты. Үміткерлер «Маманмен селфи» коллажын, «Мен-кәсіби бағдар берушімін!» сынды түрлі сынақтарға сынақтар бойынша бәскекеге түсті. Жан-жақты талдау жасаған әділ қазылар жеңімпаз жүлдегерлерді анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Кезекті мәрте ұйымдастырылған бұл байқаудың тиімді кәсіби бағдар беру жұмысының жаңа қырлары мен идеяларын ашып, әрбір колледж ең маңызды ақпараттық-ағартушылық кампанияны ілгері дамытуға мүмкіндік бергені анық. Ал мектептің жоғары сынып оқушылары мен биылғы түлектер үшін бұл бағалы бастама болашақтағы мамандығын дұрыс таңдауға бағыт пен бағдар беретініне сенім мол.

Майра Қадырқызы КАЖЕНОВА,
Қостанай облыстық білім басқармасының
ТжКБ әдістемелік кабинетінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий