Еуразия ұлттық университеті: Індетке қарсы екпе егу басталды

Еуразия ұлттық университетінде сәуірдің 13 жұлдызынан бастап қызметкерлерге коронавирусқа қарсы екпе егу басталды. Коронавирусқа қарсы екпені алғашқылардың бірі болып, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлының салдырды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Қызметкерлерге салынып жатқан ресейде өндірілген Sputnik V вакцинасы. Аталған вакцина екі кезеңнен тұрады. Екіншісі алғашқы екпені қабылдағаннан кейін 21 күннен соң салынады. Бірінші кезеңнен кейін, үш күн ішінде дене реакцияға түсуі мүмкін. Салдарынан әлсіздік, қалтырау, ұйқышылдық, инъекция аймағында ауырсыну, тіпті дене қызуы көтерілуі мүмкін.

– Бұл – дененің иммундық реакциясы. Сондықтан бұл адамның ауырып жатқандығын білдірмейді, тек иммундық жүйеге реакция жасайды.Үш күн бойы дәрігерлер екпе егілген қызметкерлерді қатаң бақылайды. «Университет қызметкерлерінен басқа, елордада тұратын студенттерге де екпе егілуде, – дейді Нұр-Сұлтандағы студенттер клиникасының дәрігері Алина Есмағамбетова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий