Қорқыт университеті: Вакцина егу бекеті ашылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас оқу ғимаратында коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасын егу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Қазақстан таяуда əлемдік эпидемиологиялық тұрғыда «қызыл аймаққа», ал облысымыз “сары аймаққа” енді. Бұл індетке ілінгендер көрсеткіші едəуір өсіп тұрғанын, қарым-қатынас арқылы жұқтырған жағдайлар да жиілеп отырғанын, оны алдын алу шараларын қатаң сақтау қажеттігін аңғартады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың асқынып тұрған кезінде инфекцияға қарсы күрестің бірден-бір жолы – осы вакцинаны алып, иммунитетті қалыптастыру.

Осыған орай, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында университет қабырғасынан вакцинациялауға арнайы кабинет бөлініп, онда алдын-ала залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып оқытушы-профессорлар мен білім алушыларға екпе салынды. Айта кетерлік жайт екпе жұмыстары оқытушылар мен студенттерге ерікті түрде жүргізілді. Алдағы күндері вакцинациялау жұмыстары күнделікті ұйымдастырылады.

Екпені алғашқылардың бірі болып университет ректорының міндетін атқарушы А.Жүнісов салдырды. Оның айтуынша екпенің ешқандай кері әсері байқалған жоқ. Сонымен қатар, университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ж.Базартай екпе қабылдап, «Вакцина салу өзіңізді және жақындарыңызды вирустан қорғау үшін қажет» деп барша азаматтарды вакцина салдыруға шақырды.

Вакцинаны қаламыздағы №6 емхананың білікті дәрігерлері салды. Олар әр екпе салушынының денсаулық жағдайын таразылап, вакцина салуға болатынына толық көздері жеткеннен кейін ғана вакцина қабылдауға рұқсат берді. Вакцина егілген қызметкерлердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында болады.

Індетті жеңу – әрбір азаматтың өз қолында. Бұл вакцина алудан, қарапайым қағиданы ұстанудан басталады. Сонымен қатар, бетперде тағып жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтықты ұстану өте маңызды. Өйткені бұл сіздің және өзге адамдардың денсаулығы үшін аса қажет

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий