Семей – НЗМ: Нұртілеу – Гонконг политехникалық университеті грантына ие болды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы  Нұртілеу Ережепов The Hong Kong Polytechnic University грантына ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Гонконг политехникалық университеті – әлемдегі үздік – 100, Азиядағы үздік 25 жоғары оқу орындарының қатарына енеді. Нұртілеудің бірнеше оқыту бағытын қамтитын университетті таңдауы тегіннен-тегін емес. Өйткені – аталған оқу орны студентті оқыта жүріп, үйренгенін іс-тәжірибе сынап көруге мүмкіндік береді.

– Менің алдымда төрт түрлі жол тұрды. Болашақ еңбек ететін саламды ескере отырып, білімімді жетілдіру үшін дұрыс таңдау жасап, тиісті орындарға құжаттарымды жөнелттім. Солардың ішінде қоғамдық – гуманитарлық Линнань университеті (Lingnan University немесе LU ), Гонконг баптист университеті (Hong Kong Baptist University немесе HKBU) және Гонконг политехникалық университеті (The Hong Kong Polytechnic University), Матвей Корвин атындағы Будапешт университеттері (Corvinus University of Budapest) бар. Дәл қазіргі уақытта Гонконг политехникалық университетінің толыққанды студенті атануға мүмкіндігім бар. Бірақ әзірге нақты шешім қабылдағаным жоқ, – дейді Нұртілеу Ермекқазыұлы.

Болашағын экономика, бизнес салаларына арнауды мақсат етіп отырған Нұртілеудің ой үстінде жүруінің себебі бар. Өйткені, ол Мажарстан (Венгрия) үкіметінің  Қазақстан азаматтарына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысып, іріктеуден өткен. Енді сынақтың келесі кезеңін күтіп отыр.Оның пікірінше, таңдаған мамандығын оқытуда жоғарыда аталған оқу орындарының бағдарламалары сапалы көрінеді. Шәкіртіміз болашақта қай оқу орнын таңдаса да, отандық экономика көкжиегін кеңейтіп, бизнесті өркендетуге күш салуды басты мақсаты деп біледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий