Шығармашылық көрме байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» Бурабай ауданы білім бөлімі жанындағы «Балалар өнер мектебімен» бірлескен түрде «Алтын қазына» аймақтық көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаларын әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған Байқауға 14 аудан (Астрахан, Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды) мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 138 білім алушы жеті аталым бойынша қатысты.
«Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» атылымы бойынша бірінші орын Шортанды ауданындағы Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беру мектебінен Ермакова Ксенияға берілсе; «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» аталымы бірінші орынмен Зеренді аудандық Садовка мектеп базасындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығынан Казимир Максим марапатталды.

«Шыныны көркемдеп өңдеу: витраж» аталымындағы алғашқы қатардан Көкшетау қаласындағы «Bolashaq saraiy» оқушысы Ануфриева Алена көрінсе, «Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу» аталымындағы бірінші орын Зеренді аудандық Еленовская рта мектебінен Максимишин Владимирге берілген болатын.
«Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» аталымындағы бірінші орын Зеренді ауданының Шағалалы білім ордасындағы Абдрахманова Дианаға; «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» аталымындағы алғашқы орын Целиноград ауданы, «Жас шабыт» орталығынан Кенжебек Аружанға; «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» аталымына сәйкес бірінші орын Зеренді ауданы, БЖШО оқушысы Ергалиева Жұлдызайға табысталды. Білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.
