“Өзін-өзі тану”: Жанды білімге қол жеткізудегі оқыту үдерісін пәнімен кіріктірудің маңызы

(Жас маман тұжырымдарынан). Қазіргі қоғамда туындаған жаңа міндеттерді шешу білім беру үдерісін ұйымдастырудың білім, дағдымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне бағытталуын талап етеді. Осы орайда алаштың ардақтысы А.Байтұрсынұлының тұжырымы ойға оралады: «Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді парасатты ұрпақ тәрбиелеу – біздің борышымыз деп білемін».

Үнемі өзгеріп отыратын әлемде “Өзін-өзі тану” пәні әр балаға өзі үшін сәтті өмір мен білім траекториясын анықтау мен жүзеге асыру үшін нақты құндылық бағдарларын игеруге көмектеседі. Оқыту барысын «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру тәжірибесі адамзатқа бір ақиқатты танытты: оқушы пәндік білімді жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыста игерсе, рухани тұтастыққа қол жеткізеді. Сабақты «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіре өту қаншалықты маңызды?

Оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту үшін сабақ барысында оңтайлы жағдай жасай аламыз. Мұғалім терең моральдық мазмұндағы сұрақтар қою арқылы оқушыларды ақыл-ой белсенділігіне итермелейді, нәтижесінде баланың өзі мәселені түсіне алады. Сабақта танымдық және шығармашылық белсенділікті жандандырып, жаңа білімді түсінуге ынталандырамыз. Оқушы білімді дайын күйінде алмайды. Мәселен, күнделікті өмірден алынған мысалдарды немесе көрнекті тұлғалардың өмірдеректерін талдау арқылы ақпаратты жан дүниесінен өткізеді.

Осы тұста «Қазақ әдебиеті» пәнінен «Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі» талданған сабағымдағы «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктірілген шығармашылық бөліктерді атап өтпекпін. Әлемдік деңгейде өзінің тәжірибесімен бөлісіп жүрген педагог Рита Пирсонның TED Talks жобасында оқыған дәрісі тыңдалады. Шалва Амонашвилидің сұхбаты мен педагогикалық аңыздары оқылады. «Мұғалім қандай болуы керек?» сұрағы талқыланады. Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі мен Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесіндегі мұғалім тұлғасындағы жалпыадамзаттық құндылықтар талданады. 

Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыпбек қандай ұстаз?

Ол нені өзгерткісі келді? Мақсатына жетті ме?

Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесіндегі ұстаз шәкіртінің өміріне мән беріп, әлемде өз орнын табуға септігін тигізеді. Қалай?

 

 

Оқушының тек пәндік білімді ғана емес, адамгершілік ілімді қатар игеруіне мүмкіндік береді. «Жақсылық туралы ғылымды түсінбегендерге кез-келген ғылым тек зиян тигізеді»,- дейді емес пе М. Монтень…? Бүгінгі таңда білім берудің екі аспектісі – зияткерлік және рухани-адамгершілік білімді үйлесімді қарқынды дамып келе жатыр. Зияткерлік пен жалпыадамзаттық құндылықтарды, білім мен өмірді тамаша үйлестіріп, біріктіріп, оқушыға ұсыну –мұғалім шеберлігінің шыңы. Бұндай сабақта алынатын білім оқушы үшін жанды болары анық. Ш.А.Амонашвили: «Тұтас білім беру процесі жеке тұлғаға құрметпен қарап, оның адамгершілік дамуына ықпал етуі керек», – дейді. Ең бастысы пәнді оқыту емес, пәнді оқыту арқылы рухани-адамгершілік дамуға жетелеу.

Мәншүк Нұржауқызы ЕДІГЕЕВА,
«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның
үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий