ҚызПУ: Жас ғалымдар арасында эссе байқауы ұйымдастырылады

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранттары арасында «Ғылым болашағы. Әйел көрінісі» тақырыбында эссе байқауы басталды. Шығармашылық байқау «Ғылым апталығы» аясында ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Сайыстың мақсаты – оқу орны магистранттарының ғылыми-шығармашылық сыни ойлау және академиялық жазу дағдыларын дамыту және жас ізденушілердің зияткерлік әлеуетін көтеру. Эсседе отандық ғылымның даму бағыты, ғылым саласындағы әйелдердің рөлі жан-жақты әрі кеңінен ашылуы тиіс.

– «Ғылым болашағы. Әйел көрінісі» жалпы тақырыбына арналған байқауға ұсынылған шығармалар биылғы жылдың 16 сәуіріне дейін дейін жіберілуі тиіс. Жұмыстар project@kazmkpu.kz электронды поштасында қабылданады, – дейді байқауды ұйымдастырушылар. Эссе көлемі 500-ден 1000 сөзге дейін. Шығарманы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің кез келгенінде ұсынуға болады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий