Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы география пәнінің маңызы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс» – деп атап көрсеткені белгілі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. 

Себебі, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Бұл – функционалдық сауаттылықты мектеп қабырғасында қалыптастыру ісі болып саналады. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады.

Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен функционалды сауатты, шығармашыл тұлға тірбиелеуде география пәні үлкен рөл атқарады. Алайда, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру- күрделі және ұзақ үрдіс.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес. Жаңа технологияны енгізу барысында мұғалімнің жұмыс оқушының жеке тұлғалық абыройын құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері, бейімділігі мен өздігінен ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.

География сабағында әр түрлі тақырыптарға эссе жазу, хабарлама, реферат, бүктемелер, презентация, жоба дайындау оқушылардың жалпы және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеушілік бағыттағы жұмыстарды орындау барысында оқушылар өздігінен ақпарат жинап, оны өңдеуді және көркемдеуді үйренеді, есептеу, графиктер мен диаграммалар құру дағдылары жетілдіріледі. Мысалы, 9-сыныпта өздері оқып жатқан мектеп оқушыларының ұлттық, жастық-жыныстық құрамын анықтау немесе туған өлкесінің көрікті жерлері, тарихи – мәдени ескерткіштері.

Және осы өлкеден шыққан танымал тұлғалар туралы материал жинақтау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. Өз өлкесін танып-білу арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі артады. Географиялық нысандарға сипаттама беру, олардың ерекшеліктерін анықтау немесе оларды бір-бірімен салыстыру үшін оқушылар мәтінмен, атласпен жұмыс жасайды, графикалық кескіндемелерді талдайды, қорытынды шығарады және болжайды. Сонымен қатар белгілі бір тақырыпқа фишбоун, кластер, синквейін және Венн диаграммасын құрастырғанда оқушылар сын тұрғысынан ойлауды, өз ойларын еркін және нақты жеткізуді үйренеді.

Әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызуғушылығын арттыру, іздену, таным деңгейін көтеру. География сабағында флипчартты қолдану оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Әсіресе, жоғары сыныптарда елдер мен олардың астаналарын сәйкестендіру, кескін картаға елдер атауларын орналастыру, елдерді аймақтар бойынша топтастыру мазмұнындағы тапсырмалар астаналарды тез жаттауға, картографиялық білімдерін жетілдіруге көмектеседі.

Оқушының тану қабілетін арттырып, ақыл-ой әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызы зор. Проблемалық оқытудың нәтижесі терең де берік білім беріп қою немесе тәсілдерін үйретумен тынбайды, оқушылардың ой-өрісі кеңейеді. Проблемалық мәселелер мен ситуацияларды құру үшін әр түрлі білім көздерін, оқулық мәтінің, картаны, сурет, сызба, т.б. пайдалануға болады. Мысалы, 8-сыныпта «Қазақстанның экологиялық проблемалары» тақырыбын қарастырғанда оқушылар 7-сыныпта алған білімдерін пайдалана отырып, төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

«Табиғат кешені» сызба нұсқасын құру; адамдардың шаруашылық әрекетінің табиғат кешендеріне тигізетін әсері туралы мысалдар келтіру; Арал проблемасының ғаламдық проблемаға айналу себебін түсіндіру; Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну. Білім берудің түрлері мен әдістерін жетілдірудің тағы бір бағыты – оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру. Топтық оқытудың ерекшелігі – жастары шамалас шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде. Мұндай шағын топта оқушы өзін-өзі жоғалтпайды, олар бір-біріне көмектесіп ортақ тапсырмаларды орындайды.

Мұндай жағдайда әр оқушы жетістігі мен кемшілігін бағалап қана қоймай, олардың ортақ нәтижеге қанда үлес қосқаны да ескеріледі. Тақырыпты топпен жұмыс істей отырып түсіндіру, қайталау оқушылардың ойлауын дамытуда және көпшілікпен жұмыс істеуге дайындауда үлкен рөл атқарады. Оқушылар өз ойларын еркін және нақты жеткізуге, бірін бірі тыңдай білуге үйренеді. Оқушылардың тапсырманы орындай алмаған жағдайда сабаққа деген ынтасы азайып, өзіне-өзі деген сенімділігі төмендейді. Бұл жағдайдан шығудың жолы – деңгейлік тапсырмалар.

Пәнге қызығушылығы төмен оқушыларға қабілеті жететін тапсырмалар беру арқылы ынталандыру қажет. Ал қызығушылығы жоғары оқушылардың қосымша тапсырмаларды орындауы олардың қабілетін ашуға ықпалын тигізеді. Оқушылардың  әлемдегі күнделікті болып жатқан өзгерістерге жан-жақты дайын болып, алған білімдерін, сауаттылығын күнделікті өмірге пайдалана алуы дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасатындықтан, мұғалімдерге жүктелген міндет жоғары.

Индира Ертугановна БАГДАЛИНА,
Шатырбай орта мектебінің география пәні
мұғалімі, Алматы облысының Сарқан ауданы
  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий