Арқалық қаласында инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды

Арқалық қаласында жаңа психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің және Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды. Мекемелер «Дара» қайырымдылық қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ашылды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Арқалық қаласында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 560-тан астам бала тұрып жатыр, олардың ішінде 118 баланың мүгедектігі бар балалар. Бүгінгі таңда ерекше балалардың мамандардың тегін көмегін ала алатын арнайы  ұйымдардың желісі жеткіліксіз. Арқалық қаласында 376 бала мамандардың кәсіби көмегіне мұқтаж. Мамандардың уақытылы және  білікті кеңестері мен көмегі өмірді жақсы жағына өзгертуі мүмкін және кез келген балаға, әсіресе ерекше қажеттілігі бар балаларға лайықты және табысты болашағына мүмкіндік береді.

Осыған орай, «Дара» қайырымдылық қоры «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен және Қостанай облысы білім басқармасымен бірлесе отырып, Арқалық қаласында жаңа психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті мен оның филиалын ашуда және оның мақсаты ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету.

Ашылған орталық – бұл ерекше бала мен оның отбасы психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, әлеуметтік педагог сияқты мамандар тобының жан-жақты көмегін алатын мекеме. Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінде қажетті заманауи жабдықтар бар: емдік дене шынықтыруға арналған кешендер, Монтессори кабинеті, дидактикалық және көрнекілік материалдар, дамытуға арналған және әдістемелік әдебиет, сондай-ақ баланың дамуына кешенді баға беруге және өткізілетін сабақтардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.

Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінің қызметтері тегін көрсетіледі. Түзете дамыту курсы 3 айдан 1 жылға дейін көрсетіледі, қажет болған жағдайда курс ұзартылуы мүмкін. Жылына осындай психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті оқуда ерекше қажеттілігі бар 150 балаға қызмет көрсете алады. Мұндай орталықтардың ерекше бала өсіп келе жатқан отбасына тұрғылықты жерінде қол жетімді болуы өте маңызды.

«Дара» қоры жобаларының негізгі мақсаттарының бірі  ерте жастан бастап ерекше баланы қолдау және оның мектеп білім беру жүйесіне көшу моделін құру болып табылады, және бұл оқуда ерекше қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру жүйесіне қосылуына, яғни баланың әртүрлі даму кезеңінде мамандар тобының тегін көмегін алуына мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты «Дара» қоры жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарын ашу арқылы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс істейді. 

Осындай орталық Арқалық қаласының А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының базасында ашылып жатыр. Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы – бұл оқу үрдісінде инклюзия қағидаларын жүзеге асыруда ұстаздарға көмек беру үшін жасалған және білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыныпта және мектепте кедергісіз орта қалыптастыру үшін құрылған мектептің бір кеңістігі.

Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті мен Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ашылуында Арқалық қаласының әкімі, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «Дара» қайырымдылық қорының, Қостанай облысы білім басқармасының, Арқалық қаласы білім бөлімінің өкілдері, БАҚ және балалар мен ата-аналар қатысты.

– Мен қаламызда түзету кабинеті ашылғанын білген кезде бірден мамандардан көмек сұрадым. Маған менің баламмен логопед, дефектолог және психологтың жұмыс істегені ұнайды, ал қызым қазір құрдастарымен сөйлесе алатынына қуанышты. Егер бұрын біз бұл туралы өзіміз алаңдап, өз бюджетімізге сенетін болсақ, енді мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын сезінеміз! Осы мекеменің қалыптасуына қатысқандардың барлығына зор алғысымды білдіргім келеді, – дейді Айгүл Балтабайқызы Жұбатқанова.

– Ұжымның атынан «Дара» қорына, «Samruk – Kazyna Trust» қорының демеушілеріне, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасына, Арқалық қаласы әкімінің аппаратына алғысымызды білдіреміз. Сізге стандартты мемлекеттік мекемені заманауи жабдықтармен және дамытушы материалдармен жабдықталған жайлы, жылы бұрышқа айналдыруға қосқан үлесіңіз үшін рахмет, – деді түзеу кабинетінің меңгерушісі Рита Мидехатқызы Капсемет.

«Дара» қоры 2016 жылдан бастап Қостанай облысында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасын іске асырып жатқанын және осы уақыт ішінде Қостанай қаласында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мен қалалық мектеп базасында ашылған көзі көрмейтін және көзі нашар көретін балаларға арналған сыныбы ашылып, табысты жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн.

Анықтама: «Samruk-Kazyna Trust» (Самұрық-Қазына Траст) – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жанындағы, Қазақстан Республикасында өзекті және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды іске асыратын әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Дара» қоры – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыратын қайырымдылық жеке қор.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий