Жарқын елдің шамшырағы – жас маман

Біздің білім ордасында педагогтер мәртебесін арттырудың алғашқы қадамы жас ұстаздарға қамқорлық жасаудан басталды. Жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай туғызу,  бейімделуге кері әсер ететін кедергілерді жою, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету мақсатында «Жас маман» мектебі құрылды.

Тәлімгер ұстаздар жоспарға сәйкес жас мамандардың сабақтарына қатысып, бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға көмек көрсетуде. Сонымен қатар тәлімгерлер және мектеп психологтары жас мамандармен шебер-сыныптар, коучинг-сессиялар, дөңгелек үстел, офис сағаттары, әңгімелесулер, блиц-сұхбаттар, «Ата-анамен сұхбат», «Балалармен жүздесу», «Әріптестермен әңгіме» сияқты тренингтер жүргізуде.

Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа және туындаған проблеманың шешімін табудың оңай екені аңғарылады. Коучинг сабақтардың тиімділігі, адамды жауапкершілікке тәрбиелейді, уақытты тиімді етіп қолдануға үйретеді, адамды өзінің шын арман-мақсаттарымен түйістіреді. Онымен қоса, жас маманның үздіксіз білім алуын қалыптастыру, озық педагогиканың жаңа түрлерін меңгерту, белсенді әдіс-тәсілдерді үйрету, шығармашылығын дамыту мақсатында жас мамандар арасында «Ізденген жетер мұратқа» атты онкүндік ұйымдастырылды.

Онкүндік аясында тәлімгерлер семинар-тренингтер, шебер-сыныптар, вебинарлар, ашық сабақтар өткізсе, жас мамандар арасында «Үздік жас маман тобы» сайысы өткізілді. Сайысқа барлық пәннің жас мамандарынан құралған «MODM», «Ғажайып алтылық», «Жасstart», «БесAsyl», «Бастауыш Go», «GreemTeam» топтары қатысты. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны жетік меңгеріп, жүйелі түрде пайдалана білуі керек.

Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып тұруы тиіс. Осы орайда байқауға ұсынылатын жобалар ғылыми-педагогикалық немесе әлеуметтік бағытта болуы ескерілді. Нәтижесінде сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «MODM» тобы, І орынды «Жасstart», «БесAsyl», ІІ орынды «Ғажайып алтылық», «Бастауыш Go», «GreemTeam» иеленді. Жеңімпаз топтар бағалы сыйлықтармен марапатталса, Бас жүлдеге көшпелі кубок табысталды.

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп
гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий