Өлке тарихы: Бұрғылау жұмыстарының барысы

Негізінен тарих бетіне тереңірек қарасақ, Каспий теңізі шығыс жағалауының тап-таза мұнай екенін ертеректе Карелин жазған болатын. Содан кейін  Маңғыстау өңірінен мұнай іздеу 1846 жылы басталды. Бұл жылы М.И.Иванкиннің экспедициясы Маңғыстау түбегінде алғаш рет мұнай белгілерін тапты. 1889-1901жылдары маңғыстауға келген әскери топгроф Гаспар Насибьянц жергілікті тұрғындардың Тасбас құдығы маңында әр түрлі ауруларға қарсы мұнайды пайдаланғанын жазды.

Кейіннен атақты геологтар Н.И.Андрусов, оның шәкірті М.В.Баярунас бағыттық түсіру жұмыстарын бастады. Осы жерде айтып кету керек осы ғалымдармен бірге Адайдың ғалымы Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы Маңғыстау байлығы зерттеуге, геологиялық барлау жүргізуге  қатысып, мұнайды іздестіреді. 1926-1927 жылдары Батыс Қазақстанның геологиялық құрылысын зерттеудің және оның мұнайлығын бағалаудың алғашқы кезеңінде бір топ ғалымдар мен мамандардың зертеулері маңызды роль атқарды, олар-Каспий маңы бойынша С.Никитин, П.Провославцев, А.Замятин, С.Миронов және Н.Тихонович  және Маңғыстау аймағы бойынша Н.Андрусов және М.Баярунас зертеулері.

Бұл кездегі зерттеу нәтижелерінің геологиялық тұрғыдан маңыздылары мыналар: юра, бор және кайнозой түзілімдерінің стратиграфиясының жасалуы, Каспий маңы өңіріндегі құрылымдардың тұзкүмбезді табиғатының анықталуы,оның техтоникалық сұлбасы құрастырылуы, Н.Андрусов тарапынан күрделі құрлысты Маңғыстау мегантиклинің даралануы, мұнайлылықтың жалпылама шарттарының белгілі болуы және кейбір кенорындарының ірі маштабы карталарының құрастырылуы, мұнайлылықтың түп негіз қабаттары жайлы түсініктердің жасақталуы.(Қазақстанның мұнай энциклопедиясы)

 1946 жылдан бастап Каспий маңы ойысындағы геологиялық барлау жұмыстарының көлемі күрт өсті, геофизикалық зерттеулер жүргізілді, терең тіректі және параметрлік ұңғымалар бұрғыланды. Батыс Қазақстанның ауқымды аумағында іздеу, түсіру, әуе геологиялық жұмыстар карталық бұрғылаумен, геофизикалық, геохимиялық, геоботаникалық зерттеулермен ұштастырыла жүргізілді. Каспий маңы ойысын зертеу барысында гравиметрлік түсіруді, карталық бұрғылауды, сейсмобарлауды және құрылымдық іздеу бұрғылауын біріктіретін мұнай іздеу жұмыстарының ұтымды кешені қалыптасты.

1959 жылы мамырда академик Қаныш Сәтбаев бастаған Қазақстан Ғылым Академиясының көшпелі мәжілісінде түбекте барлау жұмыстарының жалпы бағыты дұрыс деп табылып, барлаушыларға материалдық-техникалық көмек беру және тресті талантты жас мамандармен толықтыру ұйғарылды. Көп ұзамай мұнай газ іздеушілердің ісі оңынан оңғарылып, іздегені табылып, төрткүл дүниеге Маңғыстауда көмірсутекті шикізаттың орасан мол қоры бар екендігі паш етілді. 1961 жылы Өзен құрылымында №18 құрылымдық ұңғыманы бұрғылау барысында 367,5 тереңдіктен Оңтүстік Маңғыстауда алғаш рет газ бұрқағы алынды.

Осыдан кейін Өзен алаңында барлау бұрғылауы күшті қарқынмен жүргізіле бастады. Мұның нәтижесінде №1 барлау ұңғымасын сынамалау барысында 1248-1261 метр тереңдікте мұнай бұрқағы алынды. Кейін Өзен алаңында мұнайдың өнеркәсіптік қоры бар екендігі №2 және №22 ұңғылар арқылы тағы да мұнай бұрқақтары алынуымен толықтай дәлелденді. 1965 жылы Қазақстан мұнай өнеркәсібі мұнай өндіру деңгейі екі миллион тоннаға жетсе, оның 0,3 миллионы тонасы Маңғыстаудың үлесіне тиді.

Қазақстанның мұнай өнеркәсәбінде ең бір елеулі де, ерекше оқиғасы, ол Оңтүстік Маңғыстау аймағында Өзен, Теңге, Жетібайда мұнай мен газдың ірі кен орындарының ашылуы, Маңғыстаудың атағын жоғары көтеріп, сонымен бірге мұнай мен газ өндірудің келешегі үшін үлкен өзгерістер мен жаңалықтар әкелді. Маңғыстауда ашылған мұнайдың маңызы соншалық бұл тек қана Маңғыстау өңіріне ғана емес, Қазақстанның,  кеңес үкіметінің экономикасына, төрткүл дүниеге де айтарлықтай оқиға болды. 

1966 жылы 11сәуірде Оңтүстік Маңғыстауда мұнайгаз кенорнын ашқаны және Өзен, Жетібай алқабын барлағаны үшін партия мен Үкімет мұнай мен газды барлаушылар еңбегін жоғары бағалап, ҚР геология минисрлігі бір топ қызметкерлерге Лениндік сыйлықтың атағын берді. 1965 жылы Өзен мұнай кенорнына өнеркәсіптік жұмыстар енгізілді. Осы теңдессіз кенорының өнеркәсіптік игерілуі республика мұнайшыларының биік жетістігі болып, мұнай өнеркәсібінің дамуындағы тарихтың жаңа бетін ашты.

“Маңғыстаумұнай» бірлестігі мұнай іздеу мен барлау жұмыстарын “Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің қарауына аударылған «Өзенгеологиямұнайбарлау» экспедиция күшімен жүргізді. Өзен (пермотриас шөгіндісі), Көкімбай, Шұқырой, Қауынды, Темір-Баба, Батыс-Теңге, Қыызыл Су, Тамды, жаңаорпа, Үйлік, Мақат, Ақпан, Бақанд, Каменист алаңдары барлаудан өтті. (Қ.Мырзағалиев 61 бет). 1965 жылы «Маңғыстаумұнайгазқұрлыс» тресі Жаңаөзен жұмысшы поселкісі құрлысын бастады.  Дегенмен де «Қазақстанмұнай» бірлестігіндегі бұрғылау мекемесі Өзен геология барлау экспедициясы  құрамы техникасы өте нашар қамтылды.

Әсіресе қажетті көмекші шараларында бұрғылау жұмыстарына жоғары дәрежеде көмектесе алмады. Сондықтан жаңа мамандырылған бұрғылау мекемесінің қажеттілігін құру керек болды. Өзен кенорында 1965 жылы наурызда «Өзен бұрғылау пайдалану кеңсесі» құрылып, оның оың алғашқы директоры А.И. Вайнер болып тағайындалды. Сол кезде пайдалану бұрғылауы технологиясы мен ұйымдастыруына көп еңбектенгеннің бірі. Алғашқы  барлау бригадасын бұрғылау шебері Р.М.Мұртазин басқарды. Бригада Маңғыстаудағы алғашқы №246 пайдалану ұғыманы табысты бұрғылап, 520м/ст-ай комерциялық жылдамдықпен бітірді. 

Маңғыстауда алғаш рет Өзен геологиялық барлау экспедициясынан 1968 жылы  С.Х.Цодаев бригадасы  №113 терең барлау сквжинасы  3504 метр тереңдікке қазылып, пермотриастық шөгінділерды ашты. Өте сәтті бұрғыланған осы ұңғыма жаңа технологияны қолданып жұмыстануда, қатты опырылатын пермотриастық шөгінділері кездесетін ұңғымаларды бұрғылауда бұрғышылардың  аса жоғары жетістігі болып саналды. Барлау бұрғылауын дамытуда шешімді орындай отырып, 1969 жылы жаңадан бес бұрғылау бригада барлауға құрылды.

Бұрғылау жұмыстарының тресінің өте табысты жұмыстарының бірі- терең ұңғымаларды бұрғылауда озық технологияларды қолдана отырып, келешекте жүзеге асыратын үлкен бағдарламалардың жоспарын құрды. Бұрғылаудың технико-экономикалық көрсеткішін бұрғылауда қолданылатын №9 қашаудың орнына №10 қашауды пайдалану арқылы жоғарлату. Бұрғылау ертіндісінің 3 түрінің гуматкальцилі, малосилкатты және өңделген окзилмен  сынақпен өткізу қарастырылды. Алдағы уақытта ұңғыма құрастыруын  қарапайымдылату. Жоғары забойлы температуралы және қысымды барлау ұңғымаларын бұрғылауды игеру. Алдағы уақытта скважинаны шегендеу жұмыстарын жақсарту. 

Осы белгіленген шешімдерді жүзеге асыруда бұрғылау технологиясы жандандырылып, жақсы нәтижесін көрсетті. Өзен бұрғылау басқармасы ұжымының үлкен жетістігі ұйымдастырушылық пен технологиялық шараларды қабылдау нәтижесінде өзінің өндірістік тапсырмасымен 8 бұрғылау бригадасы, 8 барлау бригадасы құрылды. Осы жылы ұжымда бұрғышы шебері В.М.Несветайлов, А.Үсенов, Ғ.Әбдіразақов, В.Полицков бригадаларында бұрғышы  О.Ермуханбетов, бұрғышы көмекшісі Есембаев, Көшімбаев өзінің еңбек майданында жанкештілікпен жұмыс істеп, қажымас қайсарлық қайратын көрсете білді.

Белгіленген тапсырманы артығымен орындап, жақсы нәтижеге жеткен  прораб Ш.Аспенбетов, Балабеков, Сухоруковтың мұнара құрастыру бригадасы  жоспарды 102-120 пайыз артығымен орындады. Ш.Аспенбетов бригадасы 1971 жылы 76 бұрғы қондырғысын орналастырып, мұнарасын құрды.

Маншук Дағыстақызы САРБОПЕЕВА,
Шахмардан Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг университеті,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий