Балалар туризмі туралы бір үзік сыр

Туризм –  жеке адамның не ұжымның  демалыс немесе спортпен шұғылдану, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесу мақсатында жасайтын жоспарлы саяхаты. Соның ішінде балалар туризмі – мектеп қабырғасында туған өлкені танып-білуге, мектепте алған дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсартудағы білімін молайту мақсатында жүргізілетін саяхатшылық сапарлар болып табылады. Сонымен қатар балалар туризмі ішкі туризмді дамытудың туристік мәдениеттке тәрбиелеудің негізгі факторы санатында.

Жалпы алғанда балалар туризмін дамытудың басты мақсаты – келешек ұрпақты жігерлі де қайсар, өз өлкесін шынайы сүйетін патриот, өз елінің дәстүрлері мен тарихын, мәдениетін құрметтейтін, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақты тәрбиелеп шығару. Балалар туризмі мақсатына қарай әртүрлі салаларға бөлінетін болса, соның бір түрі экскурсиялық туризм бойынша өскелең ұрпақ

Қасиетті ата мекен мен өзіңмен тілдесем,
Бабалардың тері тамған құт қонысын білмесем.
Онда құрттай жүрегімнің бәр кінәсін кешпес ең,
Онда мен де, жұмыр жерде табан тіреп жүрмес ем, – деп  Ф. Сахи ақын жырлағандай экскурсияға шығу арқылы атамекенді танып білуге талаптанса, экологиялық туризм арқылы оқушыларға жергілікті жердің географиялық орнын, оның табиғи ерекшеліктері мен байлықтарын, су көздерін, топырағы мен жануарлар, өсімдіктер дүниесін, экономикасын жан-жақты таныса алады.

Міне балалар туризмінің қандай түрін болса да дамыту мақсатында осылай қызмет етсек, келешек ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға,  елдің экономикасын дамытуға, экологиясын, тарихы және табиғи ескерткіштерін қорғау жолында кешенді еңбек етуге баули аламыз деген  ойдамын. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Балаларға Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды да, жауапты, қадірменді парызы”, – деген аталы сөзі балалар туризімін дамыту бағытында ұстанар басты нысана болуға тиіс деп ойлаймын.

Өлкені таныту арқылы  оқушылардың бойында азаматтық ұстаным қалыптастыру, отан сүйгіштік сезімге, туған өлке тарихын зерттей, зерделей білуге, жинақтылыққа тəрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын тереңдету, туған өлкені оқып – білу мүмкіндігін кеңейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайтуға бағыттау балалар туризімінің басты бағдары деп есептеймін.

Бұл бағытта мектебімізде де балалар туризімін түрлі саяхаттар мен байқаулар, демалыс күндері түрлі шағын туристік жорықтар, ауызша журналдар арқылы өлкелер табиғаты мен мәдениетімен танысу шараларын ұйымдастыру арқылы дамытуды жоспарлы жүргізуді қолға алғанбыз. Бұл бағытта мектебіміздегі «Өлкетану» үйірмесінде жұмыс жасап келе жатқан  Боранова Алмагул  апай еңбегі зор. Аудан, облыс көлемінде жұмыстары танылған.

Жанат Ержановна БАСШИЕВА,
Боранқұл жалпы білім беретін
мектептің спорт нұсқаушысы,
Маңғыстау облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий