Жастар ісі: Бағалы бастамалардың бағыты

Қазіргі қоғам жағдайында жастар бастамаларын қолдау және дамыту жастардың бойында азаматтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге ықпал етеді. Қостанай жоғары политехникалық колледжі (ҚЖПК) студенттерінің азаматтық позициясын қалыптастыру үшін жағдай жасау оқу орнының жастармен жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамға ғылыми, шығармашылық қызметпен айналыса алатын, қарым-қатынас, толеранттылық, ұтқырлық, бастамашылдық, тәуелсіздік, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану қабілеті, субъективті белсенділік сияқты қасиеттерге ие жоғары білікті мамандар қажет.

Студенттердің әлеуметтік-азаматтық тәжірибесін қалыптастыруда студенттік өзін – өзі басқару органы- жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) маңызды рөл атқарады. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ЖІК жұмысы білім алушылардың тіршілік әрекетінің барлық саласын қамтиды: оқу, тәрбие, шығармашылық, дене тәрбиесі және спорт, бос уақыт. ЖІК-нің негізгі міндеті жастар бастамаларын алаға тартатын, әлеуметтік жобаларды әзірлеуді жүзеге асыратын, қалалық, аудандық, республикалық халықаралық конкурстарға, шығармашылық фестивальдар мен жобаларға қатысатын жас белсенділер командасын қалыптастыру болып табылады.

Колледж ЖІК жұмысының маңызды ерекшелігі колледждің негізгі идеялары мен міндеттерін жүзеге асыруда педагогтар мен білім алушылардың бірлігіне; әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысу арқылы жастардың өзін-өзі танытуына; патриотизмді, төзімділікті, демократиялылықты дамытуға бағытталған жобалар болып табылады. Жастар бастамалары жастардың дамуына ықпал етеді, жастардың өзіне деген рефлексивті-құндылық қатынасын көрсетуге, өздерінің іс-әрекеттеріне және әлеуметтік маңызды қызметтегі амал-қимылдарының, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Еліміздің одан әрі гүлденуі мен табысты дамуы жастардың белсенді қоғамдық ұстанымына және оның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігіне байланысты болады. «SANALY URPAQ» жобасы аясында «Саналы ұрпақ» ерікті-патриоттық клубының студенттері парасаттылықты қалыптастыруға, құқықтық білімді насихаттауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға бағытталған іс-шаралардың бастамашылары мен ұйымдастырушылары болды. Бұл «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» зияткерлік сайысы, «Сыбайлас жемқорлық: қарсы әрекет ету тәсілдері» құқықтық турнирі, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» дебаттары.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қолдау көрсеткен еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарындағы дебаттық қозғалыстың жандануы аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ахмет ұрпақтары» дебаттық клубымен бірлесіп, ҚЖПК-нің 50 жылдығына арналған «Елбасы бастамалары әлемді өзгертті» Республикалық дебаттық турниры ұйымдастырылды. Турнир Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментімен бірлесе отырып  өткізілді.

Білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелерін талқылады. Соңғы тақырып: «Басшылар қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін жауап беруі керек пе» мәселесі болды. Колледж студенттерінің маңызды бастамасы ерікті қызмет болып табылады. Колледжде «Мейірімді жүрек» еріктілер жасағы өз қызметін белсенді жүргізуде. Еріктілер жасағының қызмет спектрі қоғам өмірінің барлық бағыттарын қамтиды – құқық бұзушылықтардың алдын алу, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға ағартушылық және әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.

Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері мен қатысушыларына, жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсету, Мәдениет және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, аумақтарды абаттандыру, өзендер мен көлдерді тазарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Жыл сайын еріктілер түрлі бағдарламалардың бастамашылары болып табылады. Колледжде бірнеше жыл жұмыс атқарылып отырған, «Әлемді мейірімді етеміз!» атты жобасы. Осы жоба аясында колледж еріктілері «Элеваторный» шағын ауданындағы қарт адамдарды қамқорлыққа алып, оларға қолдан келгенше көмек көрсетеді.

Отын жинайды, ауланы қардан тазалайды, үйді тазалайды, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады, концерттік бағдарламалармен өнер көрсетеді, қуаныш пен жылулық сыйлайды. Ағымдағы COVID-19 атты жылы еріктілер жұмысына жаңа бағыттарын енгізді. ТЖ және карантин кезінде балалар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған азық-түлік жиынтықтарын, облыс емханаларымен бірге атаулы дәрі-дәрмектерді жеткізді.Колледждегі  Жас еріктілер мен облыстағы еріктілер қозғалысын дамытудағы маңыздылығы мен үлесі туралы олардың жетістіктері айтады.

Және олардың ынтымақтастығы және өңір халқының денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін сегіз ерікті Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының  алғыс хаттармен марапатталды. Облыстық «Студент-2020» фестивалінің қорытындысы бойынша «Біз – еріктілерміз» волонтерлік жасақтар конкурсында Қостанай жоғары политехникалық колледжі бірінші орынға ие болды. Келесі балалар – Ивашешин Влад «Әлеуметтік бағыт бойынша жылдың үздік еріктісі» номинациясы бойынша Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталды, А. Пушкарева, С. Тусенов «Халық алғысы» медальдарымен марапатталды.

Колледжде құрылған спорттық-сауықтыру комитеті өзін салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралардың белсенді бастамашысы ретінде танытты. Комитет мүшелері «Бүгін менің өмір салтым менің денсаулығым және ертеңгі сәттілігім» профилактикалық жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында «Шылым шегу қоспалары және олардың ағзаға әсері» конференциясы, «Дұрыс тамақтану – біздің денсаулығымыздың негізі» дөңгелек үстелі, «Салауатты өмір салтының негіздері» дәрісханасы және тағы да басқалар іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Колледж жастары жоғары білімді зияткерлік тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың бастамашысы болып табылады. Колледжде «Парасат» ғылыми студенттік қоғамы жұмыс істейді. Жыл сайын сәуір айында колледжде ғылыми конференциялар, зерттеу жұмыстарының конкурстары өткізіледі. Ғылыми жұмыстардың тақырыптары сан алуан. Жеке зерттеулер туған өлкенің, елдің тарихына арналған, басқалары-аймақтардың табиғатымен, оның көрікті жерлерімен, әйгілі адамдармен, салт-дәстүрлермен, аймақтың негізгі жетістіктерімен таныстырады.

Осы жұмыстардың ішінде келесілерді атауға болады – «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан және қостанайлықтар тарихының Қаһармандық беттері», «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы», «Менің қаламдағы көше атаулары», «Көше атауларындағы жазушылардың есімдері». Студенттер туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге бағытталған жобаларға бастамашы болады. Өлкетану саласындағы білімді кеңейту, рухани мұраның ежелгі тарихи объектілерін зерттеу мақсатында колледж жастар ісі жөніндегі комитеті облыстың киелі орындары бойынша веложарыс ұйымдастырды.

Веложарыс студенттерге аймақ тарихы туралы аңыздарды егжей-тегжейлі тыңдау үшін, киелі жерлеріне бару үшін ескі адамдармен кездесуге мүмкіндік берді. Өз тарихын білу, ата-бабаларымыздың рухани мұрасын зерттеу және ұлттық дәстүрлерді құрметтеу-бұл қазіргі қоғамның дамуына негізделуі қажет постулаттар. Ұлы философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған Қостанай облысының киелі жерлеріне саяхат колледж жастарына халықтың рухани құндылықтарымен танысуға мүмкіндік берді.

Екі күн ішінде балалар Арқалық қаласында, Наурызым, Амангелді және Қостанай аудандарында болды, Ыбырай Алтынсарин, Құлымбетәулі Тәтібекұлы, Әбдіғаппар хан, Кейкі батыр, Құтан әулие Аталықұлы, Ғабдоллаұлы Сатыбалды ишан кесенелері, сондай-ақ Амангелді Имановтың жерленген жері сияқты киелі орындар мен тарихи нысандарды аралады. Білім берудің жаңа мазмұны тұрғысынан жас ұрпақты бизнес-ортаға кіріктіру маңызды. Қазіргі уақытта колледжде өзекті құндылық бағдарлары бар инновациялық жастар қалыптасуда.

Олар жоғары мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған экономикалық жобаларды әзірлеуде. Колледжде «50 табысты бизнес идея» жобасы аясында студенттерді стартаптар арқылы кәсіпкерлік қызметке тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Егер стартап тәжірибесінің артықшылықтары туралы айтатын болсақ, онда колледж үшін стартап – бұл студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімді тетігі. Білім алушылар қызықты және өзекті стартап-жобаларды әзірлеп, іске асырады.

Бұл ретте өз идеяларын іске асыруда елеулі практикалық тәжірибе алады. Колледж студенттері стартап-жобалар байқауларында жақсы нәтижелер көрсетуде. 2020-2021 оқу жылында жоғары баға алған және материалдық қолдауға ие болған жобалар «Биологиялық жолмен ыдырайтын ыдыс», «4d голограмма», «Пластикті өндіру». Стартап-қозғалыстағы алған тәжірибесі білім алушылардың кәсіпкерлік құзыреттерін, ең алдымен бірдеңеге қол жеткізу мүмкіндіктері сарапталды.

Содан соң проблемаларды қарастыру және шешу құзыреттерін, директивтілік пен бақылауды, бастамашылық пен дербестікті дамытуға ықпал етеді, болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың елеулі факторы ескеру назарға алынды. Осылайша, колледжде көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін, студенттік жобалар мен бастамаларды іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалған.

Людмила Кабдулаевна ДЮСЕКЕЕВА,
Қостанай жоғары политехникалық
колледжі директордың оқу-тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий