Балабақша: Сәуле сыйлап санаға

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Мамандық  таңдау ол өзіңнің тұрақты араласқың келетін жақсы ортаны таңдау. Әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы болады. Менің таңдаған мамандығым тәрбиеші. Бұл мамандықты таңдауым әкемнің ұсынысы болды. Әкеме рахмет бұл салада еңбек етіп жүргеніме өкінбеймін. Мамандық таңдау әр адам үшін саналы ғұмырындағы жемісті еңбегінің алғашқы кірпішін қалағанмен тең.

Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кез сол кілт тұру керек. (М. Шаханов). Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда былдырлаған баламен тілдесудің өзі бір ғанибет. Өйткені бала кіршіксіз тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы. Мен осы мектепке дейінгі білім беру тәрбие орталығында еңбек етемін. Ұйымшыл ұжымдағы әріптестердің ортақ мақсат жолында әрдайым биіктен көрініп, жоғары жетістіктермен қуанғанын қалаймын.

Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын елдің ертеңі болар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін аянбай тер төгуде. Алдымдағы бүлдіршіндерді күннің шуағына, жайқалған әсем гүлге теңеймін. Себебі менің еңбегімнің нәтижесі осы балғын бөбектердің күн сайын есейгенінен анық көрінеді. Балабақшадағы тәрбие адамның баласының дұрыс дамуының баспалдағы екендігі даусыз. Біз үшін кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс жасау үлкен бақыт. Таңғажайып балалар әлемімен терең танысып, тәжірибемде мейіріммен жетілдіру басты міндет.

Гүлдің түпкі тамыры тәрбиеші болса, бүлдіршіндер жайқала өскен жапырақ. “Елдің есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ас бер, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле», – дейді дана халқымыз. Тәуелсіз еліміздің балабақшаларында ұрпақ тәрбиелеу жолында қажырлы қызмет атқарып жүрген педагог қауымының шығармашылық ізденстеріне сәттілік ітілеймін. Менің кәсібім ең керемет мамандық. Сондықтан әрдайым санаға сәуле сыйлайтын балалардың жанында жүргенді жақсы көремін.

Гульжан Абдурамановна АЗИЗОВА,
№12 “Қарлығаш” бала бақшасының
тәрбиешісі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий