Жоғары оқу орнының ғалымдары жоба нәтижелерін коммерцияландыруда үздік танылды

«Ғылым қоры» акционерлік қоғамының коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру жобасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Аппазов Нұрбол Орынбасарұлының жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жоба «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының ТОП-50 рейтингінде үшінші болып танылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Аталған жоба аясында ғалымдарымыз мұнай өңдеу кезіндегі түзілетін қалдықтарды ортадан тепкіш күшті пайдалана отырып тауарлы мұнай, таза су және қатты фазаға бөліп өңдейтін қондырғыны жасап шығарды. Мұнай қалдықтарының (нефтешлам) құрамында мұнайдың мөлшері 20 пайыздан асатын болса бұл технология бойынша өңдеу өте тиімді болып табылады. Қазіргі таңда жоба Құмкөл кен орнында іске қосылып, жақсы нәтижемен жұмыс атқаруда.

Жобаға «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруы 300 000 000 теңге және инвестор тарапынан 346 300 000 теңге тартылған. Университет ғалымдары, х.ғ.к., профессор Н.Аппазовты, магистр Р.Жаппарбергеновты және жас ғалым Б.Базарбаевты ұжым атынан жетістігімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий