Ерекше балаларға қамқорлық күшейді

Қордай ауданында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің филиалдары, сондай-ақ инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Нысандарды ашу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, «Дара» қайырымдылық қорының өкілі Сәуле Бексұлтанова, Қордай аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің меңгерушілері, педагогтар, ата-аналар мен балалар қатысты. Қордай ауылындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 15 жылдан бері ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың отбасыларына қажетті қолдау көрсетуде. 

Дегенмен осы уақыт ішінде түзету кабинетінің материалдық-техникалық жабдықталуы бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келмеді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ерекше балаларға қолдау көрсету үшін “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен және облыстық білім басқармасымен ынтымақтастықта “Дара” қайырымдылық қоры аудандағы ППТК-ны заманау техникалармен жабдықтап, Масаншы және Сортөбе ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептер базасында филиалдарын ашты.

Сондай-ақ, Қордың қолдауымен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуына тиімді жағдай жасау мақсатында аудандағы № 51 мектепте инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды. Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығында – ата-аналарға арналған кеңес бөлімі, баланың демалыс орны, ұстаздар мен мамандардың топтық жұмыс бөлімі бар. Жалпы өңірде инклюзияны қолдау бойынша екі ресурстық орталық және 3 инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий