Қазақстандық колледждерде WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихандар енгізіліп жатыр

Күллі әлемге танымал WorldSkills қозғалысы Қазақстанда белсенді дамып келеді. Өңірлік және республикалық чемпионаттарды ұйымдастыру мен өткізу жүйесі жетілдіріліп, әріптестік институттары мен сарапшылар қоғамдастығы да дамытылып жатыр. Бұл туралы WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясының кезекті отырысында айтылды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан WorldSkills бағдарламасына 2014 жылы қатысып, WSI-нің 70-ші мүшесі атанды. Аз уақыттың ішінде қазақстандық студенттер әлемдік чемпионаттарда жақсы нәтижелер көрсетті. “WorldSkills қозғалысына біз жетінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстан 50-орыннан 14-орынға дейін көтерілді. 2019 жылы біздің студенттер жалпыкомандалық есепте 63 қатысушы елдің арасында 14-ші орынға ие болғанын естеріңізге сала кетейін. Бұл – жақсы нәтиже.

Қазақстан жұмысшы мамандарды даярлау саласындағы үздік практикалардың бенчмаркингі үшін бұл қозғалысты одан әрі дамытатын болады. Атап айтқанда, біз WorldSkills стандарттарын оқу процесіне енгізіп, колледждерде демонстрациялық емтихандарды өткіземіз. Сондай-ақ сарапшыларды оқыту және сертификаттау бойынша жұмысты ұйымдастырамыз”, – деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

2020 жылы WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу бойынша ұсыныстар әзірленіп, еліміздің 36 колледжіне емтиханның демо-нұсқасын енгізу басталды. Сонымен бірге өткен жылы WorldSkills Қамқоршылық кеңесі құрылды. AgroSkills, “Kazakhmys” корпоративтік чемпионаты және басқа да салалық бағыттар бизнестің қатысуымен жетілдіріп келеді. WorldSkills – бұл жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлау сапасын арттыруға және оларды жастар арасында танымал етуге бағытталған халықаралық қозғалыс.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий