Сүйіспеншілік сабағы: Мейірімділік пен рақымшылдыққа қызмет ету
Гуманитарлік колледж бен «Өзін-өзі тану» гимназияның 245 түлегінің қатысуымен ZOOM платформасында, «Сүйіспеншілік сабағы: Мейірімділік пен Рақымшылдыққа қызмет ету!» тақырыбында арнайы слет ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. Түлектерді «Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Николаевна Сәкенова қарсы алып, алғы сөз сөйледі.
Ол түлектер кездесуі жақсы дәстүрге айналып, жыл сайын, бір отбасының мүшелері сияқты, түлектер үлкен қуанышпен кездесетіндерін атап айтты. Елена Сәкенова әрқайсымыздың өсіп-өркендеуіміз үшін, дамып-өсуіміз және өз-өзімізді тану үшін барлық жағдай жасауды Сара Алпысқызы армандайтыны туралы айтты. «Адам бақытының және өмірлік жетістіктер құпиясы өз-өзіммен, табиғатпен, қоғаммен үйлесімдікте екенін жақсы білеміз, – деп, түлектерге ізгі ниетін білдірді.
Сара Алпысқызының «Мен» деген жоғары атауына сенімді болып, оны сақтап, жаңа біліміңмен толықтырып, өмірлік тәжірибеңмен жетілдіріп, сүйіспеншіліктің қасиетті жарығымен өзіңді толықтыр деген сөзін келтірді. Түлектер назарына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейне үндеуі ұсынылды. «Өзін-өзі тану» колледжі мен гимназиясының түлектері Сара Алпысқызына жылы лебіздерін жолдады.
«Өзін-өзі тану» пәні үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, өз жетістіктерімен бөлісті. Түлектер «Бөбек» ҰҒББСО-ның қызметкерлеріне және ұстаздарына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу барысында «Бөбек» орталығының түлектері мен тәрбиеленушілері дайындаған шығармашылық нөмірлер көрсетілді.
Загрузка...