Жақсы ұстаз – өз ісін жақсы көреді
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бастамасымен Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Дуйшон Шаматовпен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Заманауи ұстаздың кәсібилігі және мектептердегі білім сапасын арттыру тақырыбындағы жүздесуінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Төрағасы Асель Мұхаметжанова Зейнулақызы алғы сөз сөйлеп, шараның мақсаты мен міндетіне тоқталды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Қатысушылар Дуйшон Алиевич көшбасшылық және зерттеу әдістері бойынша дәрісін тыңдады. Баяндамасы барысында профессор ұстаздың білім беру жүйесіндегі рөлі, мұғалім мәртебесі, оқыту теориясы және интербелсенді сабақ оқыту тәсілдеріне тоқталды. Соңғы жылдардың статистикасы бойынша педагог мамандығын ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша төмен ұпай жинаған мектеп түлектері таңдайтындығы анықталған.
Оқушылардың білім деңгейі, тәрбиесі, сондай-ақ жалпы білім беру жүйесінің сапасы мұғалімдердің сапалық құрамына тікелей байланысы бары анық. Бүгінде осы сұрақтың маңызды екендігіне тоқталған ол «жақсы ұстаз – өз ісін жақсы көреді», – деген пікірін білдірді. Оған қоса, халықаралық зерттеу жұмыстарының қорытындыларымен бөлісті.

Сонымен қатар, тәжірбиелі мұғалімдердің жетістіктерінен түрлі мысалдар келтіріп, әсіресе «Жаһандық ұстаз» байқауының жеңімпазы өз сыйлығының 50 пайызын бәсекелеріне бөліп берген шешімін үлгі ретінде айрықша атап, әріптестердің білімі мен кәсіби біліктілігіне деген құрметін қызығушылықпен баяндады. Эфир соңында профессор тыңдаушылардан келіп түскен мұғалімдердің «кәсіби күю» синдромының алдын алу тетіктері, қашықтан оқыту жағдайы ұстаздадың кәсіби даму мүмкіндіктеріне әсері сынды сұрақтарына жауап берді.
«Ұстаздық ету» – бұл үнемі өзімізге, оқыту пәнінің сапасына, оқыту, тәрбиелеу әдістемесіне жұмыс жасау, өз ұстанымдарымызға және мамандыққа деген адалдық дегенді білдіреді, – деді сөзінің соңында Дуйшон Шаматов. Басқарма басшысы Әсел Зейнулақызы арнайы уақыт бөліп, тәжірбиесімен бөліскен профессорға алғыс айтып, келешекте де осындай білім беру жүйесінің сапасын арттыруға ықпалы зор дәрістер беруге ұсыныс жасады.

Әрбір тыңдаушының көкейіндегі сауалын дөп басқан профессордың баяндамасының өзектілігіне тәнті болған мұғалімдер ризашылық пен алғыстарын білдірді. Өзара тәжірбие алмасу, ұстаздардың қазіргі қоғамдағы миссиясын айқындауға бағытталған іс-шараға еліміздің барлық аймақтарынан «Өрлеу» БАҰО филиалдарының оқытушылары, ұстаздар мен курс тыңдаушылары қосылды. Қашықтан ұйымдастырылған кездесуге барлығы төрт жүзге жуық тыңдаушы қатысып, 450-ге жуық пікір қалдырды. Онлайн форматтағы семинар Orleu Facebook парақшасы мен Orleu Youtube арнасында тікелей таратылды.
Загрузка...